«Әдеби дефиле»

Кітап — сарқылмас қазынамыз, аса бай мұрамыз, руxани демеушіміз. Кітап оқитын адам мен оқымайтын адамды салыстырып көріңізші, әрине оқыған адамның ақыл-ойы, сана сезімі ерекше болары сөзсіз. Өзгелерден биік тұратыны ақиқат. Міне, осындай ақыл-ойымен ерекшеленетін оқырмандарымызды, олардың сүйіп оқитын авторлары мен кітаптарын, ондағы сүйікті кейіпкерлерін анықтау және насихаттау мақсатында биылғы Жастар жылына орай кітапханаларды дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Кітап және жастар» фестиваль-акциясы аясында 2019 жылдың 11 тамыз -11 қыркүйек күндері аралығында «Әдеби дефиле» шарасы өтті.  

Осы акция аясындағы шараны 21 кітапхана өз ауылдарының оқырмандары арасында ұйымдастырып, оған  215 адам, оның ішінде  112 жас қатыстырылды. Кітапханаға оқырмандарды тартудың бір жолы – іс-шараларды қызықты ұйымдастырумен қатар, түрлендіре отырып өткізу. Соған орай  әр оқырман өзінің сүйікті кейіпкері бейнесін жасап, киініп келуі және неліктен ол кейіпкерді таңдағанын жеткізуі тиіс болатын «Әдеби дефиле» жұмыс түрі алынған болатын.  Осы іс-шара арқылы барлығы 28 кітап бойынша 14 көркем шығарма, 14 ертегі кейіпкері таныстырылып насихатталынды.

Халқымыздың ғашықтық туралы жауһар жырлары – «Қыз Жібек» пен «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» шығармасының басты кейіпкерлерін Доскей мен Керней кітапханаларының оқырмандары көрсетсе, Ақжар, Ботақара, Гагарин, Көкпекті, Қарақұдық, Қызылқайың, Новоузенка, Тоғызқұдық, Тұзды, Үштөбе  ауылдарының кітапхана оқырмандары Абай мен Шүкіман — М.Әуезовтың «Абай жолы», Ақбілек — Ж.Аймауытовтың «Ақбілек», Жамал — М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал», Мамық -Б.Майлин «Майдан», Мұса — З.Ақышевтың «Жаяу Мұса», Бейбіш -Ә.Асқаровтың «Өр Алтай мен қайтейін биігіңді» Ербол мен Меңтай — Ә.Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар», Салтанат — Д.Исабековтың «Гауһар тас» -Салтанат, сонымен қатар, Наташа Ростова — Л.Толстойдың «Война и мир» , Паночка — Н.Гогольдің «Вий»,  Татьяна  — А.Пушкиннің «Евгений Онегин», Мастер мен Маргарита — М.Булгаковтың «Мастер и Маргарита» шығармаларын ұсынды.

Жастар жылына орай ұйымдастырылған акциясы аясындағы «Әдеби дефиле» шарасына оқырман балалар да белсене қатысып, аудандық балалар кітапханасы, Ақбел, Ақтөбе, Ботақара, Көкпекті, Қызылқайың ауылдық және Мұстафин кенттік кітапханаларының балалар тобы «Ертегілер елінде», «Винни Пух», «Маша и медведь», «Золушка», «Бұршақ үстіндегі ханшайым», «Қошқар мен Теке», «Қасқыр», «Күлше қыз», «Алдар көсе»,  А.Толстой «Золотой ключик, или Приключения Буратино», Ш.Перро «Қызыл Телпек», Г.Андерсен «Снежная королева», А.Сент-Экзюпери «Маленький принц» ертегілерін және көркем шығармадан көркем фильмге айналып, экранға шығып, балалардың ғана емес, барша жұрттың сүйікті фильміне айналған Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» шығармасы да тыс қалмады. С.Мұратбековтың «Жусан иісі», «Рыцари» кітабы бойынша жауынгер сарбаз, Д.Грин «Виноваты звезды», Дж.К.Роулинг «Гарри Поттер», Х.Вебб «Кэти чемпионка», А.Линдгрен «Пеппи Длинный чулок»  кітаптары кейіпкерлерін тартымды көрсете алды.

Осы шара аясында кітапхана қызметкерлері жаңа әдебиеттер түсімімен таныстырып, «Знакомьтесь – Новая книга»,            «Ескірмейтін классика.Вечная классика», «Әдеби Қазақстан», «Молодежь читает и советует», «Модное чтение» тақырыбында дайындаған көрмелерге шолу жасады. Оған қоса, оқырмандар арасында жүргізілген сауалнама арқылы анықталған кітаптар бойынша «Менің сүйікті кейіпкерім», «Моя любимая книга» атты көрмелер де ұсынылды.

Доскей кітапханасы «Әдеби есімдер» викторинасын өткізсе, Ақбел кітапханасы «Әдеби кейіпкерлер қонақта» атты ойын саяхат ұйымдастырды. Ал Гагарин ауылдық кітапханасының «Песня о книге» әнін орындап, кітап оқуға шақырды.   

Адам руxани бай болуы үшін кітапты көп оқуы тиіс. Себебі кітап — адамның өмірлік досы, жол сілтейтін бағдаршамы, адастырмайтын темірқазығы. Сондықтан орыс жазушысы М.Горькийдің сөзімен аяқтасақ: «Кітапты сүйіңдер – ол өміріңді нұрландырады, бұрқ-сарқ еткен қым-қуыт ойлар мен сезімдердің, оқиғалардың шырғалаңынан жол тауып шығуыңа абзал қолғабысын тигізеді, ой-санаң мен жүрегіңе қанат бітіріп, әлемге, адамға деген сүйіспеншілік сезіміне бөлейді».

Майгүл Асқарова,
аудандық кітапхана әдіскері



Яндекс.Метрика                                                                                      100400 Карагандинская область, Бухар-Жырауский район,
поселок Ботакара улица Бухар-Жырау ,70
Телефон 872154-22290 e-mail: bukarbiblio@mail.ru



Designed by ©