«Ұлы даланың жеті қыры» — ұрпаққа ұлағат»
Ақпан айының 15 жұлдызы күні Қарақұдық ауылдық кітапханасында Амангелді орта мектебінің тәрбие ісінің меңгерушісі Р.Балхашева, мектептің ғылыми жетекшісі Н.Тұрғанбеков, 6-8 сынып оқушылары, және мәдениет қызметкерлерінің қатысуымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдарламасының жалғасы болып табылатын «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында «Ұлы даланың жеті қыры» — ұрпаққа ұлағат» атты ақпарат беру сағаты өтті. Онда қатысушыларға «Ұлы даланың жеті қыры» төл руханиятымызды дамытуға ерекше серпін берген «Рухани жаңғыру» кешенді бағдарламасының жалғасы екенін, жаңа идеялар арқылы ел болашағын баянды ете тусудің шешуші сәті екені мақаланың жеті қыры жайында толық ақпарат берілді. Сонымен қатар мектептің ғылыми жетекшісі Н.Тұрғанбеков Республика көлемінде «Ұлы даланың жеті қыры» бастамасы негізінде тарихи жәдігерлерді жаңғырту барысында «Қобыланды батыр» жырынан байқау жарияланып, байқауға мектеп оқушылары арасында дайындық жүріп жатқанын айтты және алдағы уақытта «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында кітапханады қазақтың салт-дәстүрін жаңғырту мақсатында масстер-класс өтетіні жайында айтылып, оқушылар міндетті түрде қатысатындарын айтты.