«Ұлт тірегі — Елбасы»
Үштөбе модельді кітапханасында Қазақстанның тұңғыш Президенті күніне орай мерекелік сазды кеш өтті. Сазды кешіміз ҚР әнұранымен ашылды. Мерекемен құттықтауға ауыл әкімінің орынбасары Көпбаева Әлем Қайыржанқызы келді. Әкімшілік тарапынан 20 жыл кезекте тұрған жалғыз басты ана Булан Эрика Ивановнаға 3 бөлмелі пәтер кілті табысталды. Арнайы келген кішкентай бишілер мен Бейсенбай Даниланың «Елбасы» атты жаңа өлеңдері өз жалғастарын тапты. Медетова Аяулым арнайы осы мерекеге «Қызымын елдің бақытын тапқан өнерден» ,Қазыл Ұланның «Көк тудың желбірегені», «Қазақстан» өлеңдері отырғандарды өз дауыстарымен тәнті етті. Кешіміздің соңында Абенов Б. «Елім менің», «Атамекен» өлеңдерімен аяқтады.