«Үшқан ұя Фараб- туған елім»
2020 жылдың ақпан айында Петровка ауылдық модельді кітапханасы » Шығыстың ғұлама ойшылы, энциклопедист ғалым Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығыңа және ғұлама ойшыл, акын, сазгер, ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына175 жылдығына орай 2020 жылға арналған «Сүйер ұлын болса, сен сүй….» аудандық кітапханалық жоба аясында.
«Үшқан ұя Фараб- туған елім» атты ауызша журнал, және Ә.Әлимжановтың » Ұстаздың оралуы» романының 1-2 тараулары бойынша «Әл-Фараби даналық діңгегі» атты слайд- викторина ұсынылды, ақпарат берілді.
Іс-шараның мақсаты, оның жеке тұлғасын көрсету, оның шығармашылығының әр түрлі мәдениеттерді жақындастыруға берген әсері.
Оқырмандарға орта ғасырдағы ұлы философы Әл-Фарабидің өмірі мен қызметі туралы айтылды.Оқырмандар оның өзінен кейін білім, өнер, математика, әдебиет сиякты түрлі салаларда көптеген еңбектерді қалдырғанын білді.