Қошанов Қаппас

Қошанов Қаппас  01.01.1924 Тельман ауданы, Ақжар селосының тумасы. 1942 жылы Ленинск әскери комиссариатынан майданға шақырылған.

15-теңіз жаяу әскері бригадасы құрамында шайқасқан.1945 жылы 3 қыркүйекке дейін Шығыс майданда жапондарға қарсы соғысқан.Солтүстік Корея,Оңтүстік Сахалин сияқты қалаларды азат етуге қатысты. Соғыстың аяқталғанын радиодан естіген. Қызыл жұлдыз орденімен, «За победу над Японией», мерекелік медальдармен марапатталған. 1947 жылы елге келген. 1965 жылдан бастап Қушоқы разрезінде тепловоз машинисі болып жұмыс істеді. Құрмет демалысына 1990 жылы шықты.Қазір Қушоқы кентінде тұрады.