Қапияшев Аманбай

Мен,Қапияшев Аманбай 1940 жылы Қарағанды облысы Жанаарқа ауданы Сәкен Сейфуллин атындағы кеңшарда дүниеге келгенмін.1958 жылы орта мектепті тамамдап,осы жылы Қарағанды мемлекеттік педагогикалық институтының физика-математика факультетіне оқуға түсіп,осы оқу орның 1963 жылы бітірдім. 1964-1965 жылдары міндетті әскер қатарында болдым.Жанаарқа ауданы Бидайық кеңшарындағы Оресительная орта мектебінде физика,математика пәндерінің мұғалімі болып,одан кейін,1971-1975 жылдары осы кеншардың кәсіподақ комитетінің төрағасы болып істедім. 1975-1984 жылдары Жезқазған облысы Ақадыр аудандық партия комитетінің инструкторы,бөлім меңгерушісі,ауыршаруашылығы өнімдерін сатып алу және сапасын анықтау жөніндегі мемлекеттік инспекциясының инспекторы қызметтерін атқардым. Осы жылдар аралығында,жұмыстан қол үзбей,Қарқаралы зооветеринарлық техникумын бітірдім. 1984-2003 жылдары зейнеткерлікке шыққанға дейін осы ауданға қарасты Өспен кеңшарының кәсіподақ және ауылдық Кеңес атқару комитеттерінің төрағасы,ауыл әкімшілігінде бас маман қызметтерін атқардым. Жас кезімнең тиіп-қашып өлең жазатын едім.Алайда,мұңымен зейнеткерлікке шыққаннаң кейін,бос уақыттарда шұғылданатын болып жүрмін. Алғашқы кітабім «Өмір-өзең өрнектері» деген атпен ҚР Мәдениет қайраткері,Қазақстан жазушылар Одағынығ мүшесі, «Орталық Қазақстан» газеті Бас редакторының орынбасары,айтулы шежіреші Төрехан Майбастың алғысөзімен 2010 жылы Алматы қаласындағы «ҚазАкпарат» баспасынан жарық көрген болатын. Ал, «Дүние-керуен дүрмегі» деген екінші кітабім осы жазда баспадан шықпақ. Отбасым бар.Жұбайым да зейнеткер,ардагер ұстаз- «Қазақ ССР-ы оқу ағарту ісінің үздігі».Екеуміз де «Еңбек ардагері» медалімен марапатталғанбыз.Үш баламыз бар,бәрі де жоғары білімді.Екеуі Астанада,біреуі Қарағандыда лауазымды қызметтер атқарады. Дубовка елді мекенінде 2003 жылдан бері тұрып жатырмыз.Осы ауылдық округтің Ақсақалдар алқасының төрағасымын.

«Орталық Қазақстанға»- 80 жыл

Тұнып тұрған мол тарих

 

Әр бетінде тұнып тұрған мол тарих,

Сексен жастын сеңгірінде  «Орталық…»

Қилы тағдыр,нулы тағлым таңғалтар,

Қарасаңыз өткеніне зер салып.

 

Келсе дағы сексен жасқа «Орталық»,

Дей алмаймын келе жатыр «қартайып».

Тәуелсіз ел құрдасы деп айта алам,

Жиырмаға енді келер,жасарып.

 

Келер санын тағатсыз күткен қанша жұрт,

Адастырмай жіберердей,жол тауып.

Осынау бір газетіммен,сүйікті!,

Мен де келем жарты ғасырдай «ел танып».

 

Елім келеді жылдан-жылға жайқалып,

Кетпесе екен ырысымыз шайқалып.

Сексенінде Тәуелсіз ел тойын жырлаған,

Отырсам ғой «Орталығымды» оқып,марқайып.

 

Адымдаса адымын да етер нық,

Бір басына марапаты жетерлік.

«Еңбек Қызыл Ту орден!» тұр төсінде,

«Алтын жұлдыз» сыйлығын көкке көтеріп.

 

Баспасөздің шынтағы емес,бармағы,

Табысты болсын алар асу алдағы.

Жемісін жегей шығармашылық еңбектің,

Істеріне басшы болып ар заңы.

**************

Бұқар жырау ауданының әнұраны

 

Қуаныштан кеудеге тағып қыр гүлін,

Асқақтата Әнұран шырқар күн бүгін.

Бұқар баба жырлағандай кезінде,

Жырыменен жеңілдетер ер жүгін.

Қайырмасы:

Іске асырып Ұлы баба арманың,

Қарыштап алға,өркендеуде ауданым.

Еселеніп ел байлығы еңбекпен,

өсіруде лайықты саңлағын.

 

Болашақты болжап пішкен алыстан,

Елбасымыз жаралған ғой намыстан.

«Мақсат,мүдде,болашағым» ертенгі!,-

«Мәңгілік ел»-арманыма тоғысқан.

Қайырмасы:

Ауданымның ертені үшін күй кешіп,

Өңегелі өмірлерін үлгі етіп.

Лайықты үлесін қосқан ерлерді!.

Жырлайықшы таусылмастай жыр етіп.

**********

Қаныш ағаның  ғашығы

Жазушы Медеу Сәрсекенің «Қаныш ағаның құпиясы»

атты естелігі бойынша алматының дәрігерлер қауымының

алдынғы легінде болған ғылым иесі,Қазақстанның

бас гинекологы

міндетін ұзақ жылдар бойы абройлы атқарып,

талай марапаттарды иеленіп даңққа бөленген

Кәмила Досмұхамедқызы Өтегенова және ол кісінің

 

Қаныш ағамен ғашықтық құпиясы жайында:

Сұлу көркі бойында тапқан жарасым,

Перизат бейне тудырған ойдың таласын.

Сол бейнеге көзі түскен,оқталып,

Талғампаз сері қалар еді шарасыз.

 

Жүз хас сұлу қосыла қалса бастары,

Ілігер көзге алғашқы сәтте-ақ қас-қағым.

Қазіргі көркі өртегенше жүректі,

Нендей азап көре алмау оның жас шағын.

 

Қыпша белін тал шыбықтай бұралған,

Серілерге кұшу болған бір арман.

Қылығы бекзат сұлуды мұңдай,алайда,

Қанша құшса шықпас еді құмардан.

 

Көмірдей қара,қою шашы жарасқан,

Кербездігі ақылымен таласқан.

Қонырқай жүзі үйлесім тауып бойында,

Сұңғыла ойы сұлулықтан да әрі асқан.

 

Шамалай білген қасиетін бойдағы,

Жеткізе білер сыр-сезімін ойдағы.

Қадір,қасиет әйгілеп тұрса болмысын,

Шыға қалар тәкәпарлықта қайдағы.

 

Ең ғажабы дүйім жұртты тамсантқан,

Осындай жаннан айрылған ерлер сан соққан.

Қаншама жыл жүрсе дағы басы бос,

Тыйған өзін женіл жүрістен,бой сақтап.

 

Ұзақ жүріп білім,ғылым жолында,

Болмады ма екен тұрмыс құру ойында.

Әлде сәтсіз болды ма екен отбасы.

Белгісіз бұл жәйт-бір Алланың қолында.

 

Кәмила сұлу таңғалдырып көркімен,

Ауырған да болар ғашық жандар дертімен.

Сауыққой жан және болған деседі!,

Қыздыра білер өмірге деген өртімен.

 

Болмағанмен Абайдың жары Әйгерім,

Сызылта салған қазақтың не бір әндерін.

Орыс пен татар әндерінен де құр емес,

Жайғандықтан ба сол өнірдің жөргегін.

 

Босқа өткізбей қымбат кезең-жас шағын,

Меңгеріпті талай музыка аспабын.

Ерекше бір бояуымен көрінген,

Төгіліп тілден музыкаға қосқан үн.

 

Жат еместің қызық,думан,дүрбелен,

Жайбарақат,селқос жанды сүймеген.

Той-думанның көркі болып ортада,

Мын бұралып келістіре билеген.

 

Осындай жанмен бірнеше рет кездесіп,

Басталыпты таныстықтары «сіз» десіп.

Қаныш аға ерік беріп жүрекке,

Соққан болар қос жүрек те үндесіп.

 

Артық болар таныстыру ағаны,

Қаныш сынды Алашқа біткен дараны.

Іңкәр сезім тулап шығып жүректен,

Ілген дейді Кәмилә сұлу жанары.

 

Артты қалып өмірден бір асуы,

Басылғандай көңілдің де тасуы.

Көп кешікпей ғашықтықтың айғағы,

Жәмилә қыздың дүние есігін ашуы.

 

«Құтты болсын Жәмиләштай қызымыз,

Болып еді бір кездері бұл аңыз.

Періште қыз Алланың болар қалауы,

Сыртқа шыққан іштегі құпия-сырымыз».

 

Хатыменең  осылайша жолдаған,

Қаныш аға рухани қолдаған.

Қолдан келер басқаша еш шара жоқ,

Ол кез еді ғашықтарға тар замаң.

 

Оқып шығып құттықтау хатын ағаның,

«Не айтайын,кімге кінә тағамын?»

Деп қамығып басқанында кеудеге,

Ашылғандай аузы біткен жараның.

 

«Дей алмаймын-аштым сізге кең тыныс,

Ішімде өрт,болғанмен сыртым тым-тырыс.

Ұл сыйламақ уәдемнен шыға алмай,

Қалғаныма білдіремін өкініш».

 

Осылайша көзінің жасын булапты,

«Басыңыз бос,қоймаңыз енді сұрақты».

Жәмиләнің әкесі деп жазуға,

Ағаның тек атын ғана сұрапты.

 

Қысқартқанда айтып-айтпай не керек,

Ақиқат қой бізге жеткен бұл дерек.

Хал-хадарымша оқырманға жеткіздім,

Жазылған жайды суыртпақша ілмелеп.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қасым керек ұрпаққа

 

Бүгінде өмірде жоқ Қасым ақын,

Атадық көмескілеп ақын атын.

Саф алтын жыр жауhарын төге білген,

Білгеміз жоқ Қасымдай ақын нарқын.

 

Керегі жоқ бүгін Қасымға баспанаңыз,

Сәулеті таңғалдырар Астанаңыз.

Өкініші,өксігі басылмаған,

Ақын тағдыры бүгінде жатқан аңыз.

 

Келдік қой ақын шыңын аласартып,

Бағаламай кісілік парасатын.

Тірлігінде бағасын ала алмаған,

Керек емес енді оған марапатын.

 

Ақын тағдырын жүгіртпей нелер саққа,

Қарамай тірлігінде түскен даққа.

Ар-намыстан сомдалған болмысымен,

Қасым керек келешек жас ұрпаққа.

**********

Елпендеме,Аманбай!

 

Елпендеме,Аманбай!

Ұрылар енең,әпсәтте.

Деп осылай өзіме,

Жасаймын кейде ескертпе.

Болмысым солай болған сон,

Істемексін не шара?

Арамнан ақыл сұрасаң,

Айтпайды-ау бір сөз тіс жара.

Үміттеніп,үйренбек боп,

Арамдарды еске алдым.

Сонда маған «үйреткені!» ,

«үйренуге,енді,кеш қалдын».

*********

Бірауыздан дауыс берейік

 

Болмастай кейіндері өкінетін.

Қадам жасап түпкілікті шешілетін.

Қолдап дауыс берейік Елбасына,

Болардай барша әлемге естілетін.

Бүгінгі әр салада жеткен белес,

Біраз бұрын бос қиял,болған елес.

Осы жылдар тындырған Елбасының,

Істерін тізіп шығу мүмкін емес.

Естіліп ер халқымның асқақ аты,

Өсіп келеді жыл санап әл-ауқаты.

Бүгінгі ынтымақ пен тұрақтылық,

Елбасының салиқалы саясаты.

Алыптай алып ұрар алысқаның,

Келеміз көшбасында жарыстардың.

Күәсіміз көркейтер ертенімді!,

Тарихи шешімдер мен табыстардың.

Құлшынып атқарылар үлкен іске,

Дамуыңда байқалмай іркіліс те.

Елім барар жол ашық болашаққа,

Тап болмай қақтығыс пен сілкініске.

Мақтан тұтқан елімнің әр тарабы,

Көзін тіккен әлемнің шартарабы.

Астанам Елбасының төл перзенті,

Айбыны асқақтаған Арқадағы.

Бекіді бекем болып ел іргесі.

Бостандықпен халқым да жыйды есін.

Мүмкін еткен бүгінде осыларды,

Қолдады Алла Елбасын-ел иесін.

Қамығумен еске алушы ек: азақпыз,

Бүгінде біз тәуелсізбіз,азатпыз.

Болашағым көкжиекті көмкерген,

Бақ ұялап,қыдыр қонған қазақпыз.

Елбасы жайлы қысқаша айтсам бүгін,

Шырайлы да шуақты әрбір күнім.

Парасатты да тұрлаулы басшы деген,

Естиміз оны қолдаған елдің үнің.

Уа,халайық,бізде қалды төрелік!

Болашаққа бармақ болсақ кеңеліп.

Елбасы үшін алдағы өтер сайлауда,

Бірауыздан қолдап дауыс берелік.

**********

Бабалар арманы

Дейтіндер болар,кейіпімді көріп «О,сорлы-ай»

Арманып жоқ өмірден өтсем ел қорғай.

Сенемін мен-туар заман,Тәуелсіз,

«Қой үстіне жұмыртқалар боз торғай».

Күн көзін жауып қара бұлт торлаған,

Ғасырлар бойы халқым көрді зар замаң.

Асаңқайғы желмаямен кезіп жер бетін,

Қорқыт баба қобызымен зарнаған.

Тартсақтағы тауқыметін тар күннің,

Үзілмей үміт-боларына жарқын күн.

Төле би мен Қазыбек би,Әйтеке,

Аңсап өткен ынтымағын халқымның.

Тілгізбей жауға текеметін төрінің,

Құлап жүріп,биіктерден көріндін,

Бұқар баба,Абылай,Тәуке,хандардың,

Арманы еді тұтастығы елімнің.

Елі үшін қабырғасы қайысқан,

Ақтық демі біткенінше алысқан.

Ахмет,Мағжан,Жүсіпбек пен Мыржақып,

Шәкәрімдей-бес арысым неткен арыстан.

Үмітін үзбей,қолдау болып Жасаған,

Күрестерде сездірмей кейпін шаршаған.

Үш бәйтерек-Сәкен,Ілияс,Бейімбет,

Құшса да ажал азаттықты аңсаған.

 

Батыр ұлым Рысқұлбеков Қайраттай,

Ожет қызым Асанова Ләзаттай.

Ұлдарым мен қыздарыма мын тағзым,

Ерлігімен алып келген азаттық.

Кеше ғана желбіреген тұлымы,

Мәңгілік болсын Егеменді ел ғұмыры.

Көк жұзінде көк туымыз желбіреп,

Бекем болсың Тәуелсіздік тұғыры.

Құтты болсың Тәуелсіздік мейрамы,

Қуантады әлемге қанат жайғаны.

Татулық пен ынтымақты паш еткен,

Бұзылмасын елдігімнің қаймағы.