Хасенов Жаппар Хасенович

Хасенов Жаппар Хасенович   02.10.1919 Тельман ауданының тумасы. Қарағандының онжылдық мектебін, Көкшетау қаласындағы біржылдық қазақ педагогиқалық ущилишесін бітірген.

1939 ж. Тельман ауданы Майөзек кентіндегі бастауыш мектепті басқарушысы, мұғалім.болған. Сол жылы әскер қатарына шақырылып, 1941 жылы ҰОС қатысты. Брянск, Орталық Батыс, Прибалтика майдандарында, Орлов-Курск операциясында болған. 1944 жылы ауыр жарақат алған. Әскери атағы-подполковник. 1947-1955 жылдары Қарағанды қаласының органдарында жұмыс істеді. 1956-1970 жылдары кәсіптік-техникалық білім беру саласында директордың орынбасары, директоры. 1970-1973 жылдары Қарқаралы астық мекемесінде директордың сапа жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды. 1979 жылы құрметті демалысқа шықты. Доскей ауылының тұрғыны. Қызыл жұлдыз орденімен, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы ерлік еңбегі үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталды.