Хакім Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын және Қазақстанның халық ақыны Д.Әлімбаевтың 170 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында «Тұғыры биік қос тұлға» атты балалар арасында онлайн-айтысын өткізілу ережесі .
Онлайн-айтысты ұйымдастырушылар:
Бұқар жырау ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі, аудандық балалар кітапханасы
Айтыстың мақсаты: айтыс өнерін мәдениетіміздің баға жетпес асыл мұрасы ретінде халыққа жан жақты насихаттап,оның дамуына қолдау көрсету; 2)болашақ ұрпаққа айтыс өнерін жеткізу,ауданымыздың жас айтыскерлерін анықтау, айтыс өнерін одан әрі дамытып,сапалық денгейін жақсарту 3) шебер сөз құрау мен жоғары денгейдегі поэзия арқылды Абай Құнанбаевпен Доскей Әлімбаевті насихаттау 4) талантты, дарынды жас ақындардың ақындық шеберлігінің шыңдала түсіп, көпшілікке танылуына мүмкіндік беру.
Онлайн айтысты өткізу тәртібі мен шарттары:
Айтысқа Бұқар жырау ауданының барлық 8-18 жас аралығындағы оқырмандар қатыса алады. Сөз сайысы 2 кезеңнен тұрады: іріктеу кезеңі – тамыз айлары, ақтық мәре – қыркүйек айында.
1 Іріктеу кезеңі- тамыздың 1-30 күндері аралығында айтысқа қатысам деген әр оқырман өтінім бере алады. Тамыздың 30 күні сағ 15:00 өтінім қабылдау тоқтатылады. 31 күні сағ 12:00де Zoom бағдарламасы арқылы (барлық өтінім жіберген қатысушы қатысады)жеребе арқылы өзі айтысатын жұбын тандап алады. Онлайн айтыс жүргізушісі белгілі болған айтыскермен алдын-ала келісіп, тізімін жібереді.
2.Ақтық мәре: 07.09.2020 жылы сағ:12:00де ең бірінші жұп аудандық балалар кітапханасының инстаграмм әлеуметтік желісіне тікелей эфирға шығып айтысады.(әр жұп белгіленген күні тікелей эфирға шығып отырады)
Айтыстар аудандық балалар кітапханасының Facebook, Instagram парақшаларында жарияланып тұрады, ұнатқан ақынына оқырмандар өз дауысын беріп, пікір білдіре алады (онлайн дауыстар әділ қазылардың ұпайларымен қосылып ортақ жеңімпаз анықталады). Әр жұптың айтысы 45 мин аспауы керек. Сапасыз немесе әдепке қайшы жазылған сөздерге жол берілмейді.
Қатысушыларға қойылатын талаптар:
Сөз өткірлігі, тапқырлығы; айтар ойының көркемдік деңгейі; ақынның берілген уақытты тиімді пайдалануы, тақырыпты аша білуі; қарсыласына ұтымды жауап қайтару шеберлігі. Қазылар алқасының құрамына Бұқар жырау ауданының беделді азаматтары кіреді.
Қорытынды қазан айында жарияланады. Еліміздегі төтенше жағдайларға байланысты сақтық шараларды қолдана отырып жеңімпаздарды үйіне барып марапаттау жоспарлануда.
Қатысушының ұсынатын құжаттары:
Өтінім (үлгіге сәйкес) «Тұғыры биік қос
тұлға» деген атпен b.j_rdb@mail.kz электрондық мекен-жайы бойынша
қабылданады. Байланыс телефондары: 87024809209
Ұйымдастыру алқасының атынан сөз сайысының жеңімпаздарына қомақты қаржы
тағайындалып отыр.
Айтыс жеңімпаздары мен қатысушылары диплом және ақшалай марапатталады.
өлеңдер «Жазба ақындар айтысы» жыр-жинағында жарық көреді.
Қосымша үлгі
Аты-жөні: | жасы | Мекен-жайы: толық | Байланыс телефоны |