«Терроризм исламға қарсы»
Сәуір айының 16 жұлдызы күні Қарақұдық ауылдық кітапханасында Оқушыларға терроризмтуралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру, жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық,діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларға бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудіңөмірдегі басты ұстанымы екенін ұғындыру мақсатында Амангелді орта мектебінің 8,9,10 сынып оқушылары, мектептің тәрбие ісінің меңгерушісі Р.Балхашева, ағылшын пәнініңмұғалімі Ж.Жұмағұлова және ауылымыздың бас имамы М.Заметдиновтың қатысуымен «Терроризм исламға қарсы» атты ақпарат беру сағаты өтті. Онда Ислам мен терроризмнің қарама-қарсы ұғым екенін түсіндіріліп, ауыл имамының уағызы тыңдалып, ауыл имамына сұрақтар қойып, жауаптарын алды. Сонымен қатар терроризм туралы бейнероликтер де көрсетілді. Соңында жастар осы іс-шарадан қандай білім алғандары байқалды. Өйткені олар өз ойларын толық жеткізе білді. Сондықтан бүгінгі күннен жастар біраз білім алды деп айта аламыз. Қатысқандар 27адам.
Кітапханашы: Г.Дүйсембек