«Темекі тартпа, кітап оқы!»

Кітапханаларды дамыту бөлімінің бастамасы ауданымыздың барлық кітапханаларында жалғасын тауып, 11 наурыз-11 сәуір аралығында «Темекі тартпа, кітап оқы!» тақырыбымен фестиваль-акцияның алғашқы кезеңі өткізілді. Аталмыш шараға барлығы 30 кітапхана үн қосып, осы акцияға барлығы — 773 ауыл тұрғыны қатыстырылды, оның ішінде 15-29 жас аралығында қамтылған жастар саны — 487 адам болды. Акцияны бір емес, екі-үш күннен өткізіп, ең көп тұрғынды аудандық орталық және балалар кітапханалары, Қызылқайың, Көкпекті, Центральный, Новоузенка, Ботақара, Доскей, Мұстафин кенттік көпшілік кітапханалары қамтыды.

Шара барысында 276 қорап темекі мен 555 дана шылым — 140 кітап, 115 журнал, 3 газетке айырбасталынды. Ең көп темекі қорабы мен шылым жинауда Ботақара, Петровка, Жаңаталап, Керней, Көкпекті,  Центральный, Үміткер, Гагарин, аудандық орталық кітапханалары ерекше көзге түсті. 

Аталмыш шараның өз мәнінде өтуі кітаптардың қызықты болуына байланысты болғандықтан, Ақбел кітапханашысы Шәрбану Бекболатова, Байқадам кітапханашысы Арайлым Төлеубаева, Самарқанд кітапханашысы Ақниет Какенова, Үміткер кітапханашысы Самал Абдрахманова, Қызылқайың кітапханашысы Нина Романченко, Белағаш кітапханашысы Жұмабике Кокумбаева  24 кітап, 6 журнал, 3 газетті 11888 теңгеге қаржылай демеушілік жасап сатып алған.  

Ал мына кітапханаларда кітапханашылардың жүргізген жұмыстары арқасында ауыл тұрғындары мен оқырмандары аталмыш игі шараға ризашылықтарын білдіріп, жеке кітапханасынан 14 адам 140 кітап, 4 журнал, 3 газетті сыйға берген. Атап айтсақ, Ботақара кітапханасыназейнеткер Анна Кузнецова 18 кітап, пошта меңгерушісі Наталья Кузина 4 журнал, Гагарин кітапханасына Теміртау қаласының тұрғыны Алексей Воронин 20 кітап, Доскей кітапханасына Божановтар отбасы 12 кітап, Петровка кітапханасына Ольга Арефьева 15 кітап, Суықсу кітапханасына Ботақара кентінің тұрғыны Роза Ким 10 кітап, Центральный ауылдық кітапханасына аудандық Мәслихат депутаты Марина Абрамова 7 кітап, оқырман Светлана Аюкаева 26 кітап,Жаңаталап ауылдық кітапханасына Теміртау қаласының тұрғыны Кенжебек Ғабденов 8 кітап, ауыл тұрғыны Сержұма Зейнелхан 5 кітап, пошта меңгерушісі Алла Череватенко 10 кітап, Мұстафин кенттік кітапханасының қызметкерлері Гауһар Сүлейменова, Лариса Никишина, Гүлнар Муталяпова 9 кітап беріп, кітапханаға үлкен қолдау көрсеткені үшін алғысымызды білдіреміз.

Осы акция арқылы шытырман оқиғалы кітаптар мен көркем әдебиетке және «Пайдалы кеңестер», «Отбасы және денсаулық», «Спорт», «Валеология», «Жұлдыздар отбасы», «Аңыз адам», «Берекелі дастарқан», «Делаем сами», «Жас спортшы», «Молодые и дерзкие», «Лиза», «Шапағат Нұр», «Ақиқат» сынды журналдарға ие болған тұрғындарымыздың оқуға деген қызығушылығы оянып, кітапханаларымыздың тұрақты оқырмандарына айналатынына сенгіміз келеді.

Кітапханашыларымыздың ауыл көшелерін аралағаны, дүкендер мен мектептер, амбулатория, полиция бөлімі және басқа да мекеме орындарына барғаны, «Внимание! Фестиваль-акция «Книга и молодежь», «Темекіден бас тарт, кітап оқы», «Не теряй время на курение – потрать на чтение», «Бросай себя губить!», «Темекі денсаулыққа зиян», «Өмірің өз қолыңда!», «Темекі тартқаның, өзіңді құртқаның», «Куренье –вред мои друзья, не тратьте вы здоровье зря!», «Біздің өмірімізде темекіге жол жоқ!», «Денің сау болса, мықтысың бұл әлемде», «Молодежь за здоровый образ жизни», «Не курите рядом с нами», «Мы выбираем жизнь» сынды ұранды сөздері көпшілік есінде сақталып, зиянды әдеттерден, темекі шегуден бас тартуға түрткі болып, кітап оқуға себепші болған шара болды деп үміттенеміз.

Шара барысында таратылған «Как долго ты будешь жить», «Мы против курения», «Темекіге жол жоқ», «Куренье или Здоровье», «10 фактов о курении», «Брось сигарету, брось!», «Темекі сенің өміріңе зиян», «Жаман әдеттерден аулақ бол», «Темекі қойғың келе ме?» атты ақпараттық жаднамалардың да осы сенімдерімізді ақтауда маңызы бар деп білеміз. Сондай-ақ кітапханашы әріптестеріміздің жұмысты жандандырудағы ізденгіштігі мен жаңашылдығы да оң нәтижесін береді деп ойлаймыз.

Атап айтқанда,Қызылқайың ауылының кітапханашысы Нина Романченко «Меняем сигареты на книги, журналы, газеты и вкусные конфеты» акциясына адамдардың назарын бірден аудару үшін «Marlboro курение убивает» қорабының макетін оқырманға кигізіп, темекі туралы 10 деректі қағаздан жасалған шылымдарға жазу арқылы әдемі, ерекше ойластырған. Кітапханада «Қарым-қатынас ағашы. Дерево общения» атты квилт-көрме ұйымдастырып, келуші жастардың ақпарат алуына, өз ой-пікірлерін жазуына мүмкіндік жасап, сол арқылы жастардың көзқарасын анықтауға қол жеткізген. Темекінің зияны туралы түрлі түсті жаднамалар дайындап, шараға 78 адамды, оның ішінде 32 жасты тарта білді.

Доскей ауылдық модельді кітапхана-клубының меңгерушісі Айтбала Ибраева «Темекі тартпа, кітап оқы. Читай, а не кури!» тақырыбында өткізіп, кітапхананың тұрақты оқырмандары жастарымен  «Доскей жастары темекіге қарсы!», «В ХХІ веке курить не модно», «Здоровье, спорт и красота» атты ұранды сөздермен ауыл көшелерін аралап, 34 тұрғынды, оның ішінде 14 жасты аталмыш шараға тартып, шылым шекпеуге, кітап оқуға шақырды. 

Аудандық балалар кітапханасы мен орталық кітапхана қызметкерлері де аталмыш шараға үн қосып, 133 кент тұрғынын, оның ішінде жастардан — 65 адамды қамтып, 46 қорап темекі мен 50 дана шылым жинап, салауатты өмір сүруге шақырды. Сонымен қатар, кітапханада пресс-стол ұйымдастырып, видеоролик түсіріп, ватсап арқылы таратып, көшелерге темекі тартпауға шақырған үндеу жарнамалар жапсырып, жаднамалар таратты.

Майгүл Асқарова,
аудандық кітапхана әдіскері