«Сүйер ұлың болса, сен сүй…»
26 ақпан күні аудандық орталық модельді кітапхананың оқу залында «Сүйер ұлың болса, сен сүй…» атты аудандық кітапханалық жоба аясында Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» романының І-ІІ тараулары бойынша ауызша журнал өтті.
Іс-шара «Бір ел–бір кітап» республикалық акциясының таңдалған Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» романы бойынша өткізілді.
Кешіміздің шымылдығын мәдениет үйінің қызметкерлері Кошжанов Жоламан және Советова Бақытгүл «Ұстаздың оралуы» романынан үзіндіснен сахналық қойылым қойылды. Қойылымда адамдықтың, жақсылықтың мәңгілік жауы — надандық тұманын сейілту үшін, жамағатшылыққа ең адал, таза даму, көркею жолын іздеп, ақиқатпен, біліммен қаруландыру үшін өмір бойы еңбектенген, өз басының тыныштығы мен бақытын осы мақсатта құрбан еткен, ғажайып ғалым әл-Фарабидің өшпес өнегесін көрсетілді. Кеш қонақтары орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры – Айгүл Мүкарамқызы Жексенбаева, кітапханаларды дамыту бөлімінің әдіскерлері – Майгүл Насырқызы Асқарова, Гүлнафис Мухаммедияновна, №1 қазақ орта тірек мектебінің әдебиет пәнінің мұғалімі Қалиасқар Шыныбектегі, тұрақты оқырмандар мен 10-11 сынып оқушылары мен кітапхана қызметкерлері.
Бір халықтың емес, барша халықтың алдына білім шырағын жаққан, артына таусылмас мол рухани байлық қалдырған әл-Фарабидің жарқын тұлғасы үлгі аларлық. Кешіміз Әл-Фараби туралы «Ұлы баба ұлағаты» атты бейнебаянмен жалғасты. Шараны өткізуге үлес қосқан кітапханаларды дамыту бөлімінің әдіскерлері – Майгүл Насырқызы Асқарова Әл-Фараби туралы қызықты деректерімен таныстырды.
Кешіміз Әнуар Әлімжанов туралы бейнебаянмен жалғасты. «Ұстаздың оралуы» романының І және ІІ тараулары бойынша дайындалған «Әл-Фараби – даналық діңгегі» атты виртуалды викторина ұсынылды. Виртуалды викторинаға белсене қатысқан — Турлыбекова Аида, Ибраева Жансая, Кәрибаева Аружан, Төлеген Әділханға кітапхана атынан естелік сыйлықтар табысталды.
Кеш сонында орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры – Айгүл Мүкарамқызы Жексенбаева келген қонақтарға алғыс білдірді. Сонымен қатар кеш қонақтары Қалиасқар Шыныбектегі және Мурат Ойдашевиш кештен алған әсерлерімен білгендерімен болысып, кітапхана қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.
Келген қонақтар «Ұлы даланың ұлы есімдері» кітап көрмесінде естелік фотоға түсті.
Кеш жүргізушілері: АОМК оқу залының аға кітапханашысы – И.Асқарова, аға библиографі – І.Мұқан.