«Сүйер ұлын болса, сен сүй…» аудандық кітапханалық жоба

ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев 2018 жылдың 21 қарашадағы «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында:«Көпшіліктің санасында тарихи үдерістер, негізінен, тұлғаландыру сипатына ие болатыны белгілі. Көптеген халықтар өз елінің ерекше елшісі сынды ұлы бабаларының есімдерін мақтан тұтады…Ұлы дала Әл-Фараби мен Яссауи, Күлтегін мен Бейбарыс, Әз-Тәуке мен Абылай, Кенесары мен Абай және басқа да көптеген ұлы тұлғалар шоғырын дүниеге әкелді»деген болатын.

Осыған орай еліміз бойынша аталмыш мақала аясында көптеген іс-шаралар қолға алынып, жобалар жасалынып, түрлі жұмыстар атқарылып жатыр.

Оған қоса, қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы 2019 жылғы 30 мамырдағы ҚР  Президенті Қ.К.Тоқаевтың  №55 Жарлығы, ЮНЕСКО көлемінде тойланатын күллі түркі жұртының мақтанышы, «мұғалім сәни» (екінші ұстаз) атанған ғалым-философ Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық (870-2020) мерейтойын мемлекеттік деңгейде атап өту туралы 2019 жылғы 26 тамыздағы ҚР президенті Қ.К.Тоқаевтың №133 Жарлығы шықты.

Ал биылғы жылдың басында  ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен ҚР Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен өткізілетін республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясының таңдауына түскен екі шығарма – Ә.Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» және М.Әуезовтың «Абай жолы» романдары да осы екі тұлғаға арналып отыр.

Себебі бірі — аты бүкіл әлемге мәшһүр ұлы ғұлама, данышпан, энциклопедист Әбу Насыр Әл-Фараби бабамыз болса, екіншісі — ұлы ақын, дана ойшыл, қазақтың жаңа тарихи дәуірдегі реалистік жазба әдебиетінің атасы Абай Құнанбаев. Олар – қазақ халқының ұлттық санасының оянуы мен рухани қайта жаңғыруының, қоғамның озық күштерінің өркениеттілікке ұмтылысы мен әлеуметтік әділдіктің символы.

Ұлттық рухымызды дәріптеу мақсатында ұлы ойшыл Әбу Насыр Әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл толуына орай және қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «Бұқаржырау ауданының ОКЖ»-сі аудандық орталық кітапханасының кітапханаларды дамыту бөлімімен республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында кітапханалар жұмысын жандандыра отырып ақынның өмірі мен шығармаларын жұртшылыққа кеңінен насихаттау мақсатында аталмыш «Сүйер ұлың болса, сен сүй..» атты аудандық кітапханалық жобасы жасалынды.

Жобаны жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары 2020 жыл



Яндекс.Метрика                                                                                      100400 Карагандинская область, Бухар-Жырауский район,
поселок Ботакара улица Бухар-Жырау ,70
Телефон 872154-22290 e-mail: bukarbiblio@mail.ru



Designed by ©