Семизбуга

Узники концлагерей Семизбуга

Асмағамбетов Садық

Асмағамбетов Садық Семізбұғы ауылының тумасы. Ұлы Отан соғысына қатысқан.  Соғыс кезінде шайқастардың бірінде тұтқынға түскен. Концлагерьде болып, небір азапты көрген. 1945 жылы басымдық алған кеңес әскері тұтқындағы адамдарды босатып алған. Бірақ тұтқыннан босатып алынғанмен, «тұтқында болған, сатқын болуы мүмкін» деген айып пен күдік, сенімсіздік олардан алынбады. Соның жазасы ретінде оларды үйлеріне қайтармай, ауыр жұмыстарға қалдырып отырған.

Ақышев Термизи Ақышұлы

Ақышев Термизи Ақышұлы 1904 жылы туған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Польша жеріндегі ұрыста бірнеше әскери бөлімшелер қоршауда қалған. Т.Ақышев контузия алып, фашистердің Освенциум  концлагерінен бір-ақ шыққан. Лагерьде қарауылшылардың бақылауында, тас қопару карьерінде жұмыс істеген. Ұрыста алған жарақаты ауыр болып, бұл жұмысқа тіптен жарамаған соң, оны Дрезден қаласына басқа жұмысқа ауыстырады.

 

 

 

Аққожин Сұлтан



Яндекс.Метрика                                                                                      100400 Карагандинская область, Бухар-Жырауский район,
поселок Ботакара улица Бухар-Жырау ,70
Телефон 872154-22290 e-mail: bukarbiblio@mail.ru



Designed by © 2019