Пасев Әрінов

1939 жылы дүниеге келген. Дәрігер, бірінші аттестациялық категориялы дәрігер. Ақжар ауылының тумасы. Қарағанды қаласындағы №2 қазақ орта мектеп-интернатын бітіргеннен кейін, ҚММИ-ның емдеу факультетіне түсіп, 1962 жылы бітіріп, дәрігерлік кәсіби мамандық алады. Облыстық денсаулық сақтау бөлімінің жолдамасымен Ульянов ауданына келіп, ХХ Партсъезд атындағы кеңшардың Димитриев учаскелік ауруханасына екінші дәрігер болып қызметке орналасады. 60-шы жылдардың екінші жартасында 25 төсектік Димитриев учаскелік ауруханасының бас дәрігер болады. Аталмыш аурухананың ұжымы алдарына қойған, халыққа медициналық қызмет көрсетудегі негізгі міндеттерін ойдағыдай орындап, атқарып отырды. Осының нәтижесінде «Озат тәжірибе мектебі» атағын алып, ауыспалы Қызыл Туға ие болды. Қазақстан Республикасы көлемінде учаскелік ауруханалардың социалистік жарысына қатысып, үшінші орынға ие болды. П.Әрінов 2002 жылы зейнеткерлікке шыққан. «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен, «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған.

     «Бұқар жырау ауданының Құрметті азаматы» атағы Пасев Әріновқа Бұқар жырау аудандық Мәслихаттың 2013 жылдың 19 тамызындағы XVI сессиясының № 8 шешімімен берілді.