«Парасат жолы» орталығы

2021 жылғы ақпанда ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі арасында ынтымақтастық туралы Меморандум жасалды. Жастардың тұла бойына туралық пен даналықтың дәнін егуді көздейтін орталықтың негізгі мақсаты – ұлттық мәдениет пен тағлымды тарихты, тұнық тәрбие мен өнегелі әдебиетті өне бойларына терең сіңірген зиялы қауым өкілдері мен қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар мен қаламгер-тілшілердің елеулі еңбектері арқылы парасатты қоғам қалыптастыру.

 Келісім аясында Қазақстан кітапханаларында «Парасат жолы» орталықтарын ашу туралы шешім қабылданды.

Осыған орай «Бұқар жырау ауданының ОКЖ» ММ барлық кітапханаларында  2021 жылдың 29 наурызында «Адалдық алаңы» жобасы аясында  «Парасат жолы»  орталығы мен  бұрыштары ашылады.

страндарт

положение каз

 

Наурыз айының 29-шы сәуірде  Аудан кітапханаларынан «Парасат жолы» орталығы ашылды!

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, қоғамдағы парасаттылық, адамгершілік, идеологиясын ілгерлету, жастар бойына парасаттылық, патриоттық қасиеттерді сіңіру мақсатында Ботақара кентіндегі модельді кітапханасы, Ғ.Мұстафин кентінің модельді кітапханасы және Үштөбе, Доскей ауылының модельді кітапханаларынан Адалдық алаңы жобасы аясында «Парасат жолы» орталықтары ашылып, қалған 32 кітапханада ақпараттық бұрыштары ұйымдастырылып, өз жұмыстарын бастады.
Аудандық «Парасат жолы» орталығының жетекшісі, модераторы Бұқар жырау ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Жексенбаева Айгүл Мукарамқызы «Парасат жолы» орталығының мақсаты мен міңдеттерін түсіндірді. Іс-шараға аудан прокуроры — Жанкозы Олжабайұлы , ақын, сазгер — Шыныбектегі Қалиасқар Мықтыбайұлы , Бұқар жырау ауданы әкімдігінің құқұқтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Ербол Тұрсынұлы арнайы шақырылса, қалған кітапханашылар қонақтарымен онлайн ZOOM — платформасы арқылы қатысып, қоғамда парасаттылық идеологиясын ілгерлету, жемқорлықты болдырмау және алдын алу бойынша өз ойларымен бөлісті. Сондай-ақ аудандық кітапхананың аға библиографы Мұқан Іңкәр «Адалдық алаңы», «Әділдік, Парасаттылық, Сенім» атты тұрақты кітап көрмесіне шолу жасады. Сонымен қатар «Қазыбек би мұрасындағы парасаттылық қағидаттары» атты бейнебаян көрсетіліп, кітапхана қызметкерлері Мұқан Іңкәр, Смагулова Еркем, Ерубаева Айгүл Абай шығармаларын оқыса, ал онлайн ZOOM-платформасы арқылы Мұстафин кенттік модельді кітапханасының оқырмандары Рахымбаева Гүлсім — Ы.Алтынсариннің «Ғылым таппай мақтанбай» өленің, Сұрауқызы Ақбота — «Мазғұт» поэмасын оқып берді.

меморандум

годовой план

Яндекс.Метрика