«Оқу керек пе керек емес пе» пікірталасы

11 қыркүйек -11 қазан аралығында кітап оқудың маңыздылығын анықтау мақсатында «Оқу керек пе керек емес пе» пікірталасы өткізілді.

Аталмыш шараға барлығы 23 кітапхана қатысып, шараға  316 адам, оның ішінде 218 жас тартылып, кітап оқу қажет пе, қажет емес пе деген тақырып төңірегінде жастардың ой пікірі тыңдалынып, оқитын авторлары анықталынды. 

Аудандық балалар кітапханасы жақтаушы және даттаушы екі топ құру арқылы дебат өткізіп, кітаптың пайдасы мен зияны туралы ойларын айта келе, кітап оқу деңгейін көтеру үшін  «Кім көп оқиды» сынды сайыс байқаулар ұйымдастырылса деген ұсыныс тілектерін білдірді. Аудандық орталық кітапханасының жыл бойы ұйымдастырған іс-шарасы арқылы  жастар Д.Карнеги, М.Литвак, Д.Мартинның психология мен адамдар арасындағы қарым-қатынас, түсіністік туралы кітаптары мен патриоттық бағыттағы Г.Якимовтың «Пике в бессмертие» кітабынан Н.Әбдіров, «Девушка из легенды» жинағынан Ә.Молдағұлованың ерлік істері туралы,  А.Жантасовтың «Отряд Кара майора» кітаптарын оқыған. Үштөбе кітапханасы жастарға М.Әлімбаевтың «Үлкендерден үйренеміз», «Шахарбанудың сыңсуы», А.Беловтың «Бригада» кітаптарын оқуды ұсынды. Ақбел кітапханасында өткізілген шара арқылы жастар арасында детектив, фантастика және көркем әдебиеттер көп оқылатыны анықталды.

Мұстафин кенттік көпшілік кітапханасы кітаптың пайда болу тарихын айта келе, жаңа кітап пен ескі кітап арасындағы әңгімені көрініс арқылы жеткізді. Қаражар кітапханасы «Кім көп кітап оқыды?» тақырыбы төңірегінде пікір алмасса, Қарақұдық кітапханасы шараға орай ауыл тұрғындары арасында жүргізген бейне сауалнаманы көрсету арқылы пікірталасты қыздырды. Ростовка кітапханасының оқырмандары оқудың маңызы туралы ғибратты сөздерді жатқа айтты.

Қызылқайың кітапханасы шара барысында «100 самых популярных среди молодежи произведенийй» әдебиеттер тізімін таныстырды. 19 ауыл тұрғыны арасында  либмоб шарасын ұйымдастырып, «ауылда қандай кітапханалар бар, кітапханаға соңғы рет қашан барды, бүгінде не оқисыз» сынды сұрақтан құралған сауалнама  жүргізген. Тұрғындардың ауылдық және мектеп кітапханасы барынан хабардар екені, көркем әдебиет пен мерзімді басылымдар оқу үшін келетіндіктері, оның ішінде А.Құнанбаев, М.Мақатаев, А.Пушкин, М.Лермонтов, О.Сүлейменов, М.Булгаков, М.Цветаева, Э.Асадов, Д.Мойес, Н.Перумов, Е.Неволина, С.Майер, Дж.Р.Р.Толкиен сынды авторларды сүйіп оқитыны анықталды.

Новоузенка кітапханасы «Любимые книги поколения NEXT» атты слайд презентациясын көрсетіп, жастар арасында оқылатын 100 танымал шығармалар тізімін таныстыра келе, ауыл жастарының С.Лукьяненко, Н. Перумов, С.Кинга, Р.Брэдбери сынды авторларды оқитынын анықтады. Сондай –ақ кітапханашы шара барысында кітап оқу тоқтамайтынына дәлел ретінде 1574 жылдан бастау алған Халықаралық  Франкфурт  кітап жәрмеңкесінің биыл 70 –ші рет өткізіліп отырғаны, оған «Ана тілі», «Мектеп» атты  қазақстандық басылымдардың тұрақты қатысатыны туралы мәліметтерді таныстырды.  

Центральный кітапханасы «Мне эти книги в жизни помогают» атты көрме ұйымдастырып, Б.Канапьянов, Ә.Әлімжанов, І.Есенберлин, Т.Ахметов, Н.Перумов, У.Гринлиф, А.Степанов, А.Бушков, В.Рощин, А.Пехов, К.Раиан Хайд, Р.Валиуллин, К.Бирчалл, О.Карпова, Д.Карнеги, К.Синохара, С.Гурски, Л.Анисимов, «100 Великих полководцев второй мировой», «100 великих футболистов» кітаптарын таныстырды. Шара соңында «Для чего нужно читать?» кітапханалық квилт жұмыс түрін ұйымдастырып, қатысушылар түймедақ гүлін құрастырып, әр күлтесіне өз жауаптарын жазды.

Интернет пен түрлі мобилді қосымшаларға жастар қаншалықты байлаулы болғанымен, қорытындысында «Читать – это стильно!», «Читать – это модно!», «Читать повсюду – читайте свободно!», «Отложи на время гаджет», «Книга все тебе покажет», «Формула успеха молодых- чтение»  ұран сөздерімен нүкте қойды. Аталмыш шара  кітап — көп нәрсені үйрететін өмір ұстазы, сөздік қордың молаюы арқылы сөйлеу мәдениетін қалыптастырушы, ой-өрісіңді кеңейтіп, өзіндік көзқарасыңды тудырушы, көз  жүгіртіп оқу  арқылы сауатты жазуға үйретуші, есте сақтау қабілетін дамытушы және бос уақытыңды тиімді өткізуге көмекші деген қорытынды ой түйгізе білді.

Майгүл Асқарова,
аудандық кітапхана әдіскері