Новые книги от 1 сентября бюджет 2021

 

 

Уида.

Нелло мен патраш / 3-басылым. – Алматы: Отбасы хрестоматиясы баспасы, 2021.-64 б.

ISBN 978-601-7558-83-3

Кітапта ағылшын жазушысы Мария Луиза де ла Раменің «Нелло мен Патраш» атты еңбегі балалардың тіліне ыңғайлап, ықшамдап берілген. Мұнда Нелло атты жетім бала мен оның патраш атты төбетінің басынан кешкен аянышты өмірі бейнеленеді. Бұл кітап алғаш рет 1937 жылы жарық көрген екен. Соны қайта өңдеп, ұсынып отырмыз.


Ағайынды Гриммдердің ертегілері / 3-басылым.- Алматы: «Отбасы хрестоматиясы» баспасы, 2021.- 94б.

ISBN 978-601-06-7039-6

Бұл кітапта «Ағайынды Гриммдер» деген атпен таныс неміс халқының бірқатар ертегілері топтасқан. Ертегілерді XVIII ғасырда Уильгелм, Жакоб есімді екі неміс ағартушысы құрастырған. Бұл ертектер сол заманнан бері жалғасып классикалық дүниеге айналды. «Қызыл телпек», «Бремен музыканттары» сияқты ертегілер әлем балаларының сүйікті образдарына айналып үлгерді.

«Ағайынды Гриммдердің» ертегі кітабы 1934 жылы алғаш рет қазақшаға аударылып, латын әрпінде жарық көрген еді. Біз сол нұсқасын қайта өңдеп, ұсынып отырмыз.


Дхан Мукержи.

Хари мен Кәри/ 3-басылым.-Алматы: Отбасы хрестоматиясы, 2021.-108 б.

ISBN 978-601-7558-92-5

Кітапқа үнді жазушысы Дхан Мукержидің «Хари мен Кәри» атты шығармасы енген. Кітапта үнді баласы мен пілдің достығы жайлы баяндалады. Кітап алғаш рет 1937 жылы жарық көрген. Соны қайта өңдеп, ұсынып отырмыз.

Бұл кітап көкірегін құндылыққа толтырғысы келетін оқырманға арналады.


Распе Эрих.

Мүнхаузеннің басынан кешкен хикаясы / 3-басылым.- Алматы: Отбасы хрестоматиясы, 2021.-88б.

ISBN 978-601-7558-84-0

XVIII ғасырда неміс жерінде барон Мүнхаузен деген әпенді өмір сүреді. Соның басынан кешкен күлдіргі әңгімелерін неміс жазушысы Эрих Распе жинақтап, кітап етіп жазған. Кейін бұл Еуропадағы өте атақты кітапқа айналған. 1935 жылы тұңғыш рет қазақ тіліне аударылған. Соны қайта өңдеп ұсынып отырмыз.

Бұл кітап көкірегін құндылыққа толтырғысы келетін оқырманға арналады.


Жәк Лондон.

Қасқыр /Киш туралы аңыз /3-басылым.-Алматы: Отбасы хрестоматиясы, 2021.-64б.

ISBN 978-601-7558-92-5

Кітапқа америкалық жазушы Ж.Лондонның «Қасқыр» және «Киш туралы аңыз» атты шығармалары енген. Балалардың тіліне ыңғайлап, ықшамдалып берілген. Бұл кітаптар алғаш рет 1936 және 1937 жылдары жарық көрген екен.Соны өңдеп, ұсынып отырмыз.


Жонатан Свифт.

Гулливер лилипуттар елінде /Үшінші басылым- Алматы:  Отбасы хрестоматиясы, 2021.- 88б.

ISBN 978-601-7558-89-5

Кітапта ағылшын жазушысы Ж. Свифттің «Гулливер лилипуттар елінде»  атты еңбегі балалардың тіліне ыңғайлап, ықшамдалып берілген. Мүнда Гулливердің басынан кешкен қызықты оқиғасы бейнеленеді. Бұл кітап алғаш рет 1937 жылы жарық көрген екен. Соны қайта өңдеп, ұсынып отырмыз.

Бұл кітап көкірегін құндылыққа толтырғысы келетін оқырмандарға арналады.


Роулиң Ж.К.

Хәрри Поттер мен Азкабан тұтқыны.-Алматы, Steppe&Workd, 2020.-424 б.

ISBN 978-9919-9962-1-5

Хәрри Поттер сериясының үшінші кітабы. Дементорды жеңу оқиғасы. Жылдар бойы жалғасқан жалғанның ақиқаты ашылады.


Роулиң Ж.К.

Хәрри Поттер мен жасырын бөлме.-Алматы, Steppe&Workd, 2020.-324 б.

ISBN 978-9919-9557-7-9

Хәрри Поттердің өміріндегі ең көңілсіз туған күнінде Добби есімді үй шаруасын атқаратын эльф қауіпті жайтты ескертіп, сақтандырады. Рон Уизли ұшатын сиқырлы көлікпен келіп, досын Дурслилердің озбырлығынан ҚҰТҚАРАДЫ. Хогуартс сиқыр мектебінде екінші сыныпта оқып жүргенде Хәрри бос дәлізден жан түршіктірер ДАУЫС естиді, ізінше беймәлім ҚАСКҮНЕМ іске кірісті. Оқушылар бірінен соң бірі тасқа айналды..Доббидің СҰМДЫҚ болжамы расқа шыққандай…


Роулиң Ж.К.

Хәрри Поттер мен пәлсапа тас.-Алматы, Steppe&Workd, 2020.-324 б.

ISBN 978-9919-9557-6-2

Қынаағаш көшесіндегі төртінші үйде тұратын Хәрри Поттер хогуартс туралы естіген емес…

Бір күні оған сарғыш қағазға жасыл сиямен жазылған, күлгін мөр басылған хаттар топырлап келе бастайды. Қатал апай-жездесі ол хаттар Хәрридің қолына тимесін деп барын салады. Хәрри он бірге толған күні рубеус Хәгрид есімді алып таңғаларлық жаңалық жеткізеді: Хәрри Поттер — сиқыршы, хогуартс сиқыр мектебінде оқуға тиіс! Шытырман оқиға осы тұстан басталады!


Линдгрен А.

Ұзыншұлық Пиппи достарымен бірге / Астрид Линдгрен; [ауд. М. Сембайқызы].- Нұр-Сұлтан: Фолиант, 2021.-120б.

ISBN 978-601-338-637-9

Ұзыншұлық Пиппидің Виллекулла вилласында тұрып жатқанына бір жыл болды. Күнде достары Томми және Анникамен бірге ойнайды, тәтті вафли пісіріп, әкесімен теңіз саяхаттарында көрген қызықтарын әңгімелеп береді. Ал демалыс күндері барлық балаға мұз кәмпит әперіп, ойын-сауыққа кенеледі. Алайда әлемдегі ең көңілді, мейірімді қыз Ұзыншұлық Пиппиге бір күні арнайы қонақ келіп, бәрі өзгеріп сала береді.


Жексенбай Т

Рассказы моего дедушки. Для детей дошкольного и младшего школьного возраста. — Алматы: Атамұра, 2020.-96с.

ISBN 978-601-331-688-8

Короткие сказки и рассказы, вошедшие в этот сборник, учат любить и понимать природу. Маленьких читателей ждёт радость открытий. Они познакомятся с повадками разных животных, узнают, как животные приходят друг другу на помощь, как люди защищают их и ещё много нового, интересного, удивительного.

Рассказы о живой природе сопровождают красочные рисунки.

Книга предназначена для детей дошкольного и младшего школьного возроста.


Покахонтас=POCAHONTAS.-Алматы: «ABAYbooks» баспа үйі, 2019.-32 б.

ISBN 978-601-7368-07-4

Кеме капитаны Джон Смит шытырман оқиғаларды іздеп Америка жағалауларына жүзіп жетті. Ол жергілікті тайпадан шыққан көрікті бойжеткен — Покахонтасты көреді де, бірден ғашық болады. Ал олардың махаббаты қос құрлықтың арасындағы соғысты тоқтата ала ма? Покахонтас туған елінің тыныштығы жолында махаббатын құрбан ете ме, жоқ әлде ғашығымен бірге мұхит аса ма? Сен қалай ойлайсың, оқырман? Бұл ғажап ертегілердің топтамасымен дисней хикаяларының қызығына кенеліңіз.


Рапунцель=Tangled.-Алматы: «ABAYbooks» баспа үйі, 2019.-32 б.

ISBN 978-601-7368-08-1

Бұрымы жер сызған сұлу қызды көріп пе ең? Иә, ол — Рапунцель. Патшалық іздеу салған қарақшы Флин жасырын мұнараға тығылғанда, сұлу да сиқырлы бұрымды Рапунцельді көреді. Рапунцель ұзақ жылдар бойы мұнараға қамалып өмір сүргендіктен, ол бірден Флинге жармаса кетеді. Ол үшін азаттыққа шығу арман еді! Рапунцель мен Флиннің қауіп-қатерге, түрлі қызыққа, сезім мен сергелдеңге толы саяхатына бірге куә болғыңыз келсе, мархабат! Бұл ғажап ертегілердің топтамасымен дисней хикаяларының қызығына кенеліңіз.


Аладдин=Aladdin.-Алматы: «ABAYbooks» баспа үйі, 2019.-32 б.

ISBN 978-601-7368-03-6

Ашқұрсақ бала Аладдиннің өмірін сиқырлы шам түбегейлі өзгертті. Азаттыққа шыққан Жын Аладдиннің

3 бірдей тілегін орындай алады екен. Бірақ, Аладдин мұндай мүмкіндікпен Жасмин ханшайымның жүрегін

жаулай ала ма? Ол сиқыршы Джафарды жолдан тайдыру үшін қандай амал қолданды? Бұл ғажап ертегілердің топтамасымен дисней хикаяларының қызығына кенеліңіз.


Мулан = Mulan.-Алматы: «ABAYbooks» баспа үйі, 2019.-32 б.

ISBN 978-601-7368-01-2

Қытай елінде Фа Мулан атты өзге құрбыларына ұқсамайтын қыз өмір сүрді. Ебедейсіз әрі үй тірлігіне икемсіздеу Муланды

жеңгетайлар да аса жақтыра бермейтін. Себебі жүрт біткен еркекшора Мулан әйел болып жарытпас деп ойлады.

Сөйткен Мулан мыңдаған сарбазбен бірге жауға аттанады. Әйел затын әскер сапына алмайтын Қытай заңы мұны қалай

қабылдады? Қарша бораған оқтың астынан аман қалған Муланды алда не күтіп түр? Бұл ғажап ертегілердің топтамасымен дисней хикаяларының қызығына кенеліңіз.


Колобок. Книга мультфильм для детей.  [Текст]: Интерактивная книга для детей. – Караганда: AR-Book, 2020.-16с.

ISBN 978-601-7652-11-1

Установите приложение и наслаждайтесь дополненной реальностью. Наведите камеру на картинку и увидите сказку, разделенную по эпизодам. Приложение работает без интернета! Также эту сказку можно и читать маме для своего ребенка.


Казахские народные сказки / Нур-Султан: Фолиант, 2021.-192 с., илл.

ISBN 978-601-338-630-0

Эта книга открывает читателю удивительный мир народных сказок, где героям в их приключениях встречаются страшные чудища и прекрасные пери, а научить человека мудрости может даже муравей. В сказках, как и в жизни, смекалка и ловкость вознаграждаются, а глупость и самодовольство оказываются в проигрыше.


Қазақ халық ертегілері. / Нұр-Сұлтан: Фолиант, 2021.-208 б., илл.

ISBN 978-601-338-629-4

Керқұла атты Кендебай, Таусоғар мен Көлтауысарды жолдас еткен Ер Төстік, алтын сақасын іздеген бала, Ай астындағы Айбарша сұлу мен Күн астындағы Күнікей қыз – халық ертегілерінің қаһармандары барша мұратына жетіп, баланың қиялына қанат бітіреді. Ертегінің кез келген кейіпкері – ақылды тасбақа мен қоян, қарға мен кірпі, тіпті кішкентай құмырсқаның өзі мейірімділікке, ізгілікке баулиды.


Әжемнің ертегілері: ертегілер жинағы / дайындаған К. Оразбекұлы.- Алматы: «Аруна» баспасы, 2021.-72 б.- Сер.: «Қазақ ертегілерінің антологиясы»

ISBN 9965-26-060-5

Бұл топтамаға ең таңдаулы, танымал халық ертегілерінің жинақтары кіреді. Ондағы әдемі суреттер баланың ертегі кейіпкерлерін танып, сезініп, мазмұнын терең түсінуіне мүмкіндік береді. Балаларды кішкентайынан халық ауыз әдебиетімен сусындатып, олардың ой-өрісін, танымдық қабілетін дамытады. Бабаларымыздың тұрмысымен, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлерімен таныстырады. Мұқабасы қатты, көркем суреттермен безендірілген бұл жинақтар кішкентай бүлдіршіндерге ғана емес, сондай-ақ ересектерге, ұстаздар мен балабақша тәрбиешілеріне де арналады. Ертегі жинақтары қазақ және орыс тілдерінде шығарылып отыр.


1000 пайдалы сөз. Қазақ-ағылшын тіліндегі сөздік қорды дамытуға арналған.-Алматы: Атамұра, 2020.-61 б.

ISBN 978-601-331-700-7

Бұл кітап әлі оқи алмайтын және оқуды енді үйреніп жүрген балаларға арналған. Кітаптың көркем безендірілген әрбір парағын балалармен бірге оқып, оларға тіл үйретіп, сауаттылық дағдыларын жетілдіруге болады.


Білімдар. Білімді жетілдіруге арналған викториналық энциклопедия.-Алматы: Атамұра, 2020.-192 б.

ISBN 978-601-331-685-7

Білімді бол!

Дүниежүзілік картадан Амазонка өзенін таба аласың ба? Фудзи тауы қайда орналасқан? Адамның дене сүйектері білесің бе? Археоптериксті қанқасына қарап анықтай аласың ба? Бейсбол мен теннис доптарының айырмашылығы бар ма?

Білмейсің бе?

Олай болса, бұл кітап саған арналған! Қызықты деректер, сондай-ақ тартымды картиналармен безендірілген викториналарды оқы! Талапкерден-Үміткерге, одан білімдарға айналып, өзіңді бағала!


Яндекс.Метрика