«Мәңгі өмірде»
Аудандық балалар кітапханасы оқу залды Бұқар жырау Қалқаманұлына арналған «Мәңгі өмірде» атты тақырыптық кеш өткізілді. «Ұлы жырау ұлағаты» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.РКСШ мектебі 8-сынып оқушыларының қатысумен өтілді.Кешімізде Бұқар жыраудың өмірбаяны мен шығармашылығы, еңбегі туралы мәліметтер берілді. Өмірбаяны туралы видео көрсетілді. Бұқарға арналған оқушылардың өздерінің шығарған өлеңдері оқылды.Бұқар бабаның толғау термелері орындалды. Қазыбек би мен Бұқар жырау , Бұқар жырау Қалқаманұлының толғауларын айтқан Бекболат Тілеуханның видеосы көрсетілді. Айор Жібек жыл сайынғы Бұқар жырау оқуларының қатысушысы «Алыстан қызыл көрінсе», «Жарқ-жұрқ еткен жайда бар», Зейнуллина Айдана «Биік тауға жарасар», «Он бір тілек» сынды өлеңдерін оқып өз өнерлерін ортаға салды. Оқушыларға кеш аяғында кітап көрмесі таныстырылды Бұқар жырау Қалқаманұлы туралы жазылған мақалалар,жинақ папкалары көрсетіліп таныстырылды.Қатысушылар саны — 24