«Кітап және жастар» фестиваль-акциясы

Патриоттық рух та, рухани ерік-жігер мен терең білім де ортамен араласудан туындайды десек, осындай қасиеттерді бойға сіңіретін руханият пен парасат ордасы – кітапхана болып отыр.
Осыған орай «Бұқаржырау ауданының ОКЖ» ММ-нің кітапханаларды дамыту бөлімі «2019 жыл — Жастар жылына» орай 11 наурыз-11 сәуір аралығында «Кітап және жастар» атты аудандық кітапханалық фестиваль-акциясын жариялаған болатын.

Басты мақсат – жастарды және қоғам өкілдерін кітап оқуға шақыру, кітапханалық іс-шараларға белсене қатысуға тарту, өмірге деген көзқарасы мен қызығушылығын анықтау, Отанға деген сүйіспеншілік сезімін ояту, рухани-адамгершілік қасиеттерге баулу. Осы мақсатты ұстанған фестиваль-акция төмендегі 8 кезең бойынша жыл бойы өткізілді.