«Кітапхана қызметінің талдауы» семинар-кеңесі
2019 жылдың 19 ақпан күні Бұқаржырауауданы ОКЖ-сі кітапханалары арасында 2018 жылда атқарылған жұмыстар қорытындысыжәне 2019 жылға қойылған міндеттер бойынша «Кітапхана қызметінің талдауы» атты семинар-кеңесі өткізілді. Аталмыш шараны ОКЖ директоры Айгүл МукарамқызыЖексенбаева ашып, кітапханашыларға аудандық мәдениет және тілдерді дамытубөлімінің басшысы Төлеген Жанатұлы Ргебаевты таныстырып, сөз кезегін берді. Мәдениетбөлімінің жаңа басшысы өз кезегінде кітапханалардың заман ағымына сай жұмыс жасаукеректігін, әдебиеттерді насихаттау жұмыстарының тиімділігі мен өткізілетініс-шаралар ақпаратының маңызды болуына үлкен мән берулерін баса айтты.
Семинар бағдарламасы бойынша кітапханаларды дамыту бөлімінің меңгерушісі Гүлнафис Түспекова «Тұрғындарға кітапханалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру. Негізгі қызмет көрсеткіштері», әдіскер Майгүл Асқарова «ОКЖ кітапханаларында өлкетану бағыты бойынша атқарылған жұмыстар», аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі Айгерім Искакова «Оқимыз.Ойнаймыз.Демаламыз», кітаптарды жинақтау және өңдеу бөлімінің меңгерушісі Наталья Мельник «Кітапханалық ресурстар: ОКЖ қорындағы құжаттарды қалыптастыру», сайт редакторы Әсем Азкенова «Ақпараттық технологияларды енгізу және дамыту», ақпараттық-библиографиялық бөлім библиографы Ботагөз Рахимова «Библиографиялық қызмет», оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Наталья Барило «Кітапхана – қоғамның ақпараттық-мәдени институты» тақырыптарында өткен жылғы есеп бойынша дайындаған талдауларын ұсынып, биылғы жылда атқаруға тиіс тапсырмалар мен нұсқаулар берді.
Аудандық балалар кітапханасы «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Әбділдә Тәжібаевтың «Толағай» әдеби ертегісі бойынша фейсбук әлеуметтік желісінде эстафета жариялап, кезекті Мұстафин кенттік балалар кітапханасына ұсынды.
Одан кейін 2018 жылда атқарған жұмысымен таныстыру мақсатында Мұстафин кенттік көпшілік кітапханасының қызметкері Гүлнар Муталяпова «Модельді кітапхана: жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында сөз алып, тамыз айынан ашылған коворкинг орталығының жұмысын ортаға салды. Қарақұдық ауылдық кітапханасының кітапханашысы Гүлнаш Дүйсембек «Ауылдық кітапхана қызметі» тақырыбында есеп беріп, танымдық ойындар, портрет кеш, интеллектуалды сайыс т.б. шараларымен, «Жеке кәсіпкерлікті қалай ашуға болады?» атты кездесу кеші туралы айтып, сол арқылы 7 адам кәсіпкерлікті үйрену үшін 1 айлық курсқа жазылғаны туралы сынды ақпараттарымен бөлісті.
Семинар соңында ОКЖ директоры А.Жексенбаева Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығы аясында ұйымдастырылған іс-шараларға белсене қатысқаны үшін аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының грамотасымен Гүлнафис Түспекова, Майгүл Асқарова, Алмас Жанахметов, Жұмағали Елжанов, Қайролла Маемеров, Ботагөз Рахимова, Гүлайым Жұмкенова, Татьяна Малышкина, Оксана Рощупкина, Сергей Максимов, Индира Асқарова, Әсем Азкенова, Еркем Смағұлова, Саян Мұхаметқалиді марапаттады. Өткен жылда жұмысында жақсы қызмет көрсеткені және іс-шараларды ұйымдастырудағы жаңашылдығы үшін ОКЖ директорының грамотасымен Мария Масалова /Новоузенка/, Наталья Барило /АОК/, Гүлнаш Дүйсембек /Қарақұдық/, Айтбала Ибраева /Доскей/, Лариса Никишина /ПМБ/, Инна Дик /ПДБ/, Татьяна Чернышкова /Центральный/, Ирина Зезева /Гагарин/, Айгерім Искакова /АБК/ марапатталды.
Осындай көңілді нотамен нүкте қойылған шарамыз кітапханашы әріптестерімізге оң әсерін беріп, биылғы жылда алар асуларымыз бен жетер жетістігіміз мол болады деп сенеміз.
[smartslider3 slider=18]