Зейнешев Тлеубек Ережепұлы

1942 жылы 18 қыркүйекте Қарағанды облысы Егіндібұлақ ауданы Айнабұлақ ауылында дүниеге келген. Өзінің еңбек жылын 1958 жылыЕгіндібұлақ ауданында Қазақстанның XXX жылдығы атындағы колхозда қатардағы колхозшыдан бастап, механизатор мамандығын игереді.
1966 жылы Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылық институтын қызыл дипломмен бітіріп. Туған ауданында агроном мамандығымен  әр-түрлі қызметтер атқарды.
1968 жылдан бастап Қарағанды облыстық комсосомол комитетінде және облыстық партия комитетіннде қызмет етеді. 1963 Мичурин аудандық партия комитетінің екінші хатшысына сайланып, кейіннен Молодежный ауданы халық депутаттар кенесінің атқару комитетінің төрағасына сайланады.
1985-1987 жылдары Қарағанды облыстық аграрлық — өнеркәсіп басқармасында, басқарма орынбасары болып қызмет етеді.
1987-1992 жылдары Егіндібұлақ ауданының партия комитетінің бірінші хатшысы, аудандық советтің төрағасы қызметтерін атқарады.
1992 жылы Мичурин ауданының әкімі. 1997-1999 жылдарыҚарағанды облысының ауылшаруашылығы басқармасының бастығы, 1999 жылдан Бұқар-Жырау ауданының әкімі.
Бірнеше рет облыстық, аудандық Советтін депутаттығына сайланды. Мемлекет алдындағы көп жылғы еңбегін бағалап «Құрмет белгісі» орденімен екі рет, «Тың жерлерді игергені», «Еңбек ардагері», Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталған.