«Жас жұбайлар күні» промо-акциясы

Биылғы Жастар жылы – тәуел­сіздік жылдары жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік жас­тар саясатының бас­ты оқиғасы. Бұл оқиға жастарға қолдау көр­сету мен жағдай жасауға жа­ңа серпін береді. Осыған орай кітапханаларды дамыту бөлімінің бастамасымен жыл басынан ұйымдастырылған «Кітап және жастар» фестиваль-акциясының төртінші кезеңі «Жас жұбайлар күні» промо-акциясы 11 маусымна 11 шілде күндері аралығында өткізілген болатын. 

Халқымыз ежелден «Отан – отбасынан басталады» деп шаңырақтағы шаттыққа, жарымен жарасым табуға, жасыл құрақтай жайқалған ұл-қызына тәлім-тәрбие беруге, ағайын-туғанның арасында сыйластық орнауына айрықша мән беріп, отбасы құндылықтарын сақтап келеді. Осындай құндылықтарды жастардың бойына дарыту, өмір ұстазы — кітап оқуға тарту мақсатында ұйымдастырылған промо-акция шарасына барлығы 22 кітапхана қатысып, 1250 адамды, оның ішінде 827 жасты қамтыды.

Қызылжар кітапханашысы Б.Махай ауылдағы тойханаға, Ақбел, Ақтөбе, Доскей кітапханашылары – Ш.Бекболатова, А.Жакенова, А.Ибраева Қарағанды қаласындағы «Абиба», Ақжар кітапханашысы Т.Әмірова «Думан», Қаражар кітапханашысы З.Әсетқызы «Түркістан», Көкпекті кітапханашысы Г.Рахымқұлова «Халиф» мейрамханаларындағы қыз ұзату, үйлену тойларына барып қатысып, аталмыш шара туралы, сыйға беретін кітаптары туралы ақпарат беріп, кітапхана жұмысын жарнамалап, көпшілікке насихат жүргізді. Қарақұдық кітапханашысы Г.Дүйсембек ауылдағы мешітте жас жұбайлардың неке қию рәсіміне қатысып, сәтті пайдалана білді.

Аудандық орталық кітапханашылары Н.Барило, И.Асқарова, Ботақара кітапханашысы Б.Сахимова, Гагарин кітапханашысы И.Зезева, Заречный кітапханашысы Д.Байсейітова, ПМБ мен ПДБ қызметкерлері Г.Сүлейменова, И.Дик, Суықсу кітапханашысы Ш.Нұрланова, Үштөбе кітапханашылары А.Жұмекенова, А.Айтхожина, Центральный кітапханашысы Т.Чернышковалар жас жұбайларды арнайы кітапханаға шақырып, тақырыпқа сай көрмелер ұйымдастырып, дайындаған бейнероликтерін көрсетіп, кітаптарды салтанатты түрде табыстады. Ал аудандық балалар кітапханашысы А.Ерубаева, Жаңаталап кітапханашысы Р.Жамкеева, Самарканд кітапханашылары А.Какенова, Г.Өтенова, Петровка кітапханашысы К.Мукашева, Тоғызқұдық кітапханашысы А.Абуовалар шаңырақ көтерген жас жұбайлардың үйлеріне барып құттықтап, сый жасады.

Осы акция аясында 21 жас отбасы қамтылып, оларға 38 кітап сыйға тартылды. Аталмыш шара аясында 20 адам 31617 теңге қаражатпен демеушілік жасады: оның 24017 теңгесін 16 кітапханашы, 6900 теңгесін 1 демеуші кәсіпкер: Ботақара ауылынан «Жұманбаев» ЖК, 3 оқырман: Мұстафин кентінен М.Сүлейменов, Доскей ауылынан Божановтар отбасы, Суықсу ауылынан –Р.Ким беріп, оған 31 кітап сатып алынды. Кітап қорын толықтыру мақсатында ұйымдастырылған түрлі акциялар аясында оқырмандар мен демеушілерден жинақталған әдебиеттерден аудандық орталық, Қарақұдық, Қызылжар кітапханалары жастарға сый жасады.

Өткізіліп жатқан промо-акция мақсатының бірі – жаңа өмірге аяқ басқан жастардың өміріне қажет деген кітаптарды сыйға бере отырып, кітап оқуға, кітапханаға тарту болды. Халқымыздың асыл мұрасы – салт-дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрыптарымыз, көргенді тәрбиесінің жас жұбайлар өміріне пайдасы зор деп білетін кітапханашыларымыз М.Әуезовтің «Абай жолы», Б.Момышұлының «Ұшқан ұя», А.Нүсіпқасұлы, Ә.Жапарұлы «Ағаш бесіктен жер бесікке дейін», «Бабадан қалған байлығым», Ә.Тауұлы «Қазақтың салт-дәстүрлері», «Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары», М.Әубәкір «Қызым саған айтам, келінім сен тыңда», «Қыз-келіншектерге 40 кеңес», «Шаңырақ» энциклопедиясы сынды кітаптарды тарту етті.

«Қазақта жақсы бала тәрбиелеп — өсірген әйелді «алтын құрсақты ана» деп айту қалыптасқан. Бұл – текке айтылмайтын теңеу. Жаны жақсы, ділі иманды әйелдің құрсағындағы бала да жақсылықтан нәр алып жатады. Осы орайда «Балалар денсаулығы энциклопедиясы», «Бала күтімі» сынды кітаптарын біле жүрсін десе, дұрыс тамақтану – денсаулық негізі деп білетін кітапханашылар С.Кенжеахметұлының «Қазақтың дарқан дастарқаны», «Рецепты на бис. Заготовки»,  М.Гайкованың «Мучные изделия», «100 лучших блюд из индейки», «Лучшие рецепты из крабовых палочек» атты кітаптарды сыйға берді.

Жастардың өмірге деген көзқарасы мен ұстанымын қалыптастыруда бабаларымыздың ұлағатты сөздері мен өсиеттері тұнған «Бұқар жырау Қалқаманұлының шығармалары», Ғ.Мұстафин «Алтын қалам», М.Мақатаев «Жүрек назы», С.Бексейіт «Күннің шалқуы» кітаптарының да пайдасы болар деген ойдамыз.  

Акция аясында  кітап алу құрметіне ие болған жас жұбайлар: Ботақара кентінен Рамазанов Нұрдәулет пен Томирис, құрылысшы Тимур Абаханов пен Гүлнар Актукашева;  Ақбел ауылынан Қаппасова Айжан мен мұғалім Рысбаев Мадияр; Ақтөбе ауылынан Бекенова Айгерім мен Ғазиз; Ақжар ауылынан Иманов Медел мен Қымбат; Ботақара ауылынан Бердімұрат Серікмұрат пен Айгүл; Гагарин ауылынан Ценгелхан Байтөре мен Хуанган Рыскүлде; Доскей ауылынан Мұқанова Мадина мен  Жаманов Мерей; Жаңаталап ауылынан Абуев Нұрсұлтан мен Сейсенбаева Эльвира;

Заречный ауылынан Тайтыбаев Аян мен  Аксеркина Көркем; Көкпекті ауылынан Думанбеков Қуанышбек пен Гүлжазира; Қаражар ауылынан Қабдылкәрімов Ғабиден мен Әсем; Қарақұдық ауылынан Әмірханов Айдын мен Әбенова Мөлдір; Қызылжар ауылынан Чәйба Таңатар мен  Гүлзира; Мұстафин кентінен Шайзада Дәулетжан мен Кәусар; Самарканд ауылынан Әшірбеков Айбек пен Феруза; Суықсу ауылынан Теңдікұлы Берік пен Хаумит Аяулым; Тоғызқұдық ауылынан Ақарыс пен Мерейгүл; Үштөбе ауылынан Мондыбай Диас пен Айсұлу; Центральный ауылынан Жауров Виталий мен Алена.

Қазақстан атты елімізде кіші отауларын құрған осы жас отбасыларымыз арасында мемлекеттік қызметші, есепші,  құрылысшы, кәсіпкер, байланысшы, ішкі істер қызметкері, әскери қызметкер, өрт сөндіруші, фельдшер, автослесарь, банк қызметкері,  жұмысшы, кенші, аспаз, электрик, машинист, мәдениет қызметкері, тойхана әкімшісі, мұғалім, студент, фармацевт, инженер, ветеринар, технолог сынды мамандық иелері бар екенін көрсете кеткенді де жөн көрдік. Олай болса, маусым-шілде айлары аралығында ұйымдастырылған акция аясында шаңырақ көтерген барша жастарды құттықтай отырып, кітапхана тарапынан өткізілген шара оң нәтижесін беріп, ордалы да үлгілі отбасы боп қалыптасуына сыйға берген кітаптарымыздың пайдасы болады деп сенеміз. Әрі осы шара арқылы кітапхана мен жастар арасында алтын көпір салынып, тығыз байланыс орнады деп үміттенеміз. Жақсылыққа бастар игі істеріміз жалғасын таба берсін лайым!

Майгүл Асқарова,
аудандық кітапхана әдіскері