«Еңбек жолындағы ардагерлер»
«Хош келіпсіз ақ жаулықты аналар,
Ақыл кенін арқалаған аталар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар
Армысыз ауылымның асылдары
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы
Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би
Сіздер үшін мереке шашулары» — осындай тамаша өлең шумақтармен бастауын алған, 2018 жылдың 27 қыркүйек күні Аудандық орталық модельді кітапхана және аудандық балалар кітапханасының ұйымдастырумен қыркүйек айының соңғы жексенбісінде аталып өтетін «Еңбек күні» және 1-қазан Қарттар күніне арналған мерекелік кеші өтті. Кешімізге кітапхананын тұрақты оқырман-қарттарымыз Жумашев Қанағат ата мен Бейсенов Рахымжан атамыз шақырылып, тамаша кештің куәсі болды. Қонақтармен қатар мерекелік іс-шараға №1 қазақ орта тірек мектебінің 10 сынып оқушылары қатысты.
Халқымыз қашанда дария көңіл, кең кеуде қарттарымен мақтана білген. Ақсақалы мен ақ шашты ананы қадірлегені соншалық, ақ киізге орап, көтерген екен. Бүгінде біздің аталарымыз бен аналарымыз да сондай құрметтен кенде емес. Орны – төр, қатары – алдыңғы сапта.
Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Себебі, әрқайсыларыңыздың өсіп-өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Бүгін, еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да Сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер.
Қонақтарға «Қарттарым — асыл қазынам!» атты құттықтау бейнеролигі, еңбек ардагерлеріне арналған «Еңбек жолындағы ардагерлер» видеобейнесі көрсетіліп, «Әуенді тап!» музыкалық конкурсы ойнатылды. Бұл ойынға барлығы қатысты. Міндеті: «Зерде» бейнемобильді тобының мүшелері қонақтарға 10-15 секунд әуен ойнатылып, берілген уақыт ішінде әуенді табуы тиіс. Тапқан ойыншыға талон беріліп, ойын сонында көп талон иегері ойынның жеңілпазы болып есептеледі. Қорытынды нәтижиесі бойынша конкурс жеңілпаздары – Шабатаева Дильназ, Болатова Шұғыла және Есебекова Арайлым кітапхана атынан естелік сыйлықтарға ие болды.
Кешімізді «Зерде» бейнемобильді тобының мүшелері жалғастырды. Тамаша әуендерімен «Жолын болсын, жолаушы», «Шалқыма» және «Арыс жағасында» өлеңдерін тарту етті.
Сонымен қатар 10 сынып оқушысы аудан, облыстық мәңерлеп оқу конкурстарының жеңімпазы Машрапова Аружан қарттарымызға Бұқар жырау Қалқаманұлының «Он бір тілек» өлеңін тарту етті.
Іс-шара басында аға кітапханашысы Смағұлова Еркем Ерланқызы «Еңбек жолындағы ардагерлер» — кітап-көрмесіне жолу жасады. Көрмеге кітапхана қорындағы материалдармен ардагерлер кеңесінен алынған құжаттамалар мен кітаптармен толықтырылды. «Ардагерлер алдыңғы сапта», «Ақсақалдар – туған елдің тірігі», «Ветераны всегда в строю» және «Плечом к плечу в одном страю» кітаптар мен кітапхана қызметкерлері жасаған жаднамалар, кітапшалар мен бүктемелермен толықтырылды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Еңбек күні бойынша ақпарат берілді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 қарашадағы
№ 698 Жарлығымен Қазақстанда «Еңбек күні» мерекесі белгіленді, ол қыркүйек айының соңғы жексенбісінде атап өтіледі. 2013 жылдан Еңбек күні бірінші рет мерекеленген, оның негізгі мақсаттары – Мемлекет Басшысының Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамын құру туралы идеяларының шеңберінде өнімді еңбекті ынталандыру, жастар арасында жұмысшы кәсіптерін насихаттау мен жұмысшы әулеттерінің көпжылдық дәстүрлерін нығайту болып табылады.
Кешіміздің сонында Қанағат ата мен Рахымжан ата өз ризашылықтарын айтып, өз баталарын берді. Кітапхана қызметкерлері атынан құрметті қонақтарымызға мерекеге арналған сыйлықтар табысталды.
Аудандық орталық модельді кітапханасының оқу залының
аға кітапханашысы Индира Асқарова.