«Дала дауылпазы – Сәкен Сейфуллин »
Бүгін аудандық балалар кітапханасында қазақтың белгілі жазушысы, ақын, көрнекті қоғам қайраткері, қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі Сәкен Сейфуллиннің туғанына 125-жыл толуына орай «Дала дауылпазы – Сәкен Сейфуллин » атты әдеби кеш өтті. Ақынның мерейтойына орай «Дала дауылпазы – Сәкен Сейфуллин» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Әдеттегіше, алдыңғы бөлімнен өмірбаяны, екінші бөлімінде белгілі ғалым Айгүл Ісімақованың «Алаш әдебиеттануы» атты орын алды. Ол кітапта Сәкен Сейфуллинге арналған бөлім бар. Одан ары, Сәкен Сейфулиннің кітапханамызда бар кітаптары қойылды, келесі бөлімінде Сәкеннің әндері орын алды, «Сарыарқа әндері» атты антология кітабында Сәкеннің бірнеше әні енген. Соңғы бөлімі «Ақын рухы – Алаш аспанында» атты бөлім болды, онда биылғы жылғы ақынның мерейтойына арнап шыққан мақалалары орын тапты.
Шағын стендте «Сәкен туралы қызықты 20 дерек » атты көрме болды.
Одан әрі балаларға мерекелік бағдарламамызды ұсындық. Келген көрермендермен амандасып, «Сәкен тірі, қазақтай елі барда» атты өлең оқылды. Одан ары «Өмір жолы» атты жарты сағаттық деректі фильмі көрсетілді.
Деректі фильмнен соң балаларға көптеген сұрақтар қойылды. Сәкеннің 20 қызықты дерегіне тоқталып, балаларға толық ақпарат берілді. Одан ары, Жаңаарқа ауданының құрылғанына 90 жыл толуына және Сәкен Сейфулиннің туғанына 125 жыл толуына орай биыл үлкен той болғаны белгілі. Сол дүбірлі тойдан қысқаша видеоролик көрсетілді.
Сөз соңын, жалынды күрескер-патриот, сегіз қырлы, бір сырлы: ақын, жазушы, драматург, публицист, сыншы, әдебиеттанушы, композитор, педагог, қоғам және мемлекет қайраткері – Сәкен Сейфуллин есімі халық есінде мәңгі сақталады.
Асуы жоқ асулардан асайық,
Ашылмаған тас қақпаны ашайық.
Болмағанды болдырайық дүниеге,
Жаңа тұрмыс жаңа жерге жасайық!-деп ақынның ой мен сезім астасқан жырларын жаттаған жас қауым да ақын өлендерін ешқашан естен шығармайды деп сенеміз дей келе, «Дала дауылпазы — Сәкен Сейфуллин» атты кешіміз аяқталдық.