«Бір ел-бір кітап»
Корнеевка селолық моделді кітапханасында 23-ші маусым айының жұлдызында «Бір ел-бір кітап» республикалық акцияға Шәкәрім Құдайбердіұлының «Үш анық» кітабын насихаттау мақсатында өткізілген іс-шара.
Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу. Сонымен қатар, акция қоғамның отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын әрі қарай жоғарылатуына мүмкіндік туғызады.
Шәкәрім Құдайбердіұлына арналған атты кітап көрмесі құрылды. Ақпараттық бет, жаднама, ұсыныс кітап тізімі жасалынды. Шәкәрім Құдайбердіұлының өмір баянымен, шығармашылығымен таныстырылды.