«Бір ел – бір кітап» акциясы. Ел болып оқимыз»
Ғ. Мұстафин кенті модельді көпшілік кітапханасының «Бір ел – бір кітап» акциясы. Ел болып оқимыз» атты көрме –викторина өтті. Көрме-викторина жастар арасында көркем әдебиеттер абонементі залында жасалған «Өшпес рухты үш тұлға» атты көрме жанында өтті. Мақсаты – жастарды патриоттыққа және адамгершілікке тәрбиелеуге, оқу мәдениетін қолдау және дамыту мен рухани мұраны сақтауға және оқуға, отандық әдебиетке деген жастардың қызығушылығын арттыру. Мұнда әдеттегідей акцияның тарихына тоқталып, 2007 жылдан бері қазақстандықтар бір ел болып бір кітапты оқып келе жатқанын айтып өтіп, биылғы акцияның ерекше екенін, өйткені біз әдеттегідей бір кітап емес үш кітап оқитынымызды айтып, Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармаларын, Немат Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейді» және Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітаптары оқылуда екені айтылды. Сонымен қатар әр жазушы мен олардың шығармаларына тоқталып, біраз деректер берумен қатар, кітапхана библиографы даярлаған «Одна страна-одна книга-2018» атты буктрейлер көрсетілді. Сосын көрме викторинамызға көштік. Бұл жерде көрмеге ілінген жеті сұрақ болды. Мысалы: Қай жылдан бастап Қзақстан елі акцияны қолға алды? В коком году впервые была проведена акция в Казахстане?, «Бір ел-бір кітап» акцияының мақсаты қандай? В чем заключается цель акции «Одна страна-одна книга», Биыл нешінші рет акция өтуде? Какой по счету проходит эта акция? Деген сияқты екі тілдегі сұрақтар болды. Бұл сұрақтарға жастар өте жақсы жауап беріп, тәтті сыйлықтарын алып отырды. Соның ішінде ең көп, әрі өте жақсы жауап берген оқырман Барышева Светлана болды. Жоғарыда оқырмандарды қызықтыру барысында шығармалардың ең қызықты жерінен аздап үзінді айтылғандықтан, оқырмандар қызығып 2 кітап алды.