«Біздің Тұңғыш Президентіміз»
Қарақұдық ауылдық клубында 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған «Біздің Тұңғыш Президентіміз» атты мерекелік іс-шара өтті. Алғашқы құттықтау сөз кезектері ауыл әкімі О.Дюсембекова мен Амангелді орта мектебінің тәрбие ісінің меңгерушісі Р.Балхашеваға беріліп, ауыл әкімі әкімшіліктің бас маманы Р.Абдрахмановаға ауыл шаруашылығы кәсіподағы атынан «Құрметті ардагер» атты төс белгісін тақты. Көркемөнерпаздардың концерттік бағдарламасы тамашаланып, 4-сынып оқушыларының орындауында «Елбасы-Ел бағы», «Нұр аға» сынды өлеңдері тыңдалды. Сахнада «Ұлты ұлықтаған- Ұлы тұлға!» атты презентация көрсетіліп, «Ғасырдың ғажап азаматы» атты кітап-көрме ұсынылып, «1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні» және «Жарқын болашаққа бастаған ұлт көшбасшысы» атты лозунгілер ілінді. Мерекелік шарамен қатар Амангелді орта мектебінің 5-11 сынып оқушылары мен ұстаздар ұжымы және жеке кәсіпкерлердің ұйымдастыруымен шағын жәрмеңке өтті. Жәрмеңкеде жеке кәсіпкер Г.Онбаева балықтың түр-түрін сатса, жас кәсіпкер, аудан әкімінің грантын ұтып алған А.Аязбекова түрлі торттар мен үй қаздарын сатты. Сонымен қатар мектеп оқушылары өз қолдарынан дайындаған бәліштері мен тәтті тоқаштар, сусындар мен салаттардың түр-түрін ұсынса, Тоғызқұдық ауылынан келген жеке кәсіпкер кәмпиттердің алуан түрін сатты. Шараға келген ауыл тұрғындары жәрмеңкеден арзандатылған бағамен өздеріне керегін алып, ризашылдықтарын білдіріп, үйлеріне тарқасты.