«Баба рухына тағзым»
«Бұтақ жайған ағаш қартаймайды, ұрпақ жайған адам қартаймайды» дейді. Соңғы кездері тал егу дәстүрі еліміздің түкпір-түкпірінде қолға алынып, тиянақты мән берілуде. Мұның өзі қоғамға пайдасы зор игі бастама емес пе? Осындай игі шараны біздің аудандық кітапханада қолға алды. Киелі Бұқар бабамыздың басында дұға бағыштап, кесене маңайын көгалдандыру және көркейту жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші шараға мекемеміздің қызметкерлері ауызбіршілікпен белсенділік танытып атсалысты. Отырғызылған ағашымыз жерсініп, көктеп өсіп, жерімізге көрік берет деп ойлаймыз. «Атадан мал қалғанша, тал қалсын…» бұл бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиеті. Халықтың денсаулығы мен ұрпақ болашағына оң әсерін тигізіп, туған ауылының көркеюіне үлес қосып, қалыс қалмау-әрбір азаматтың борышы деп білеміз.
[smartslider3 slider=23]