Ақбота Сайлау

АНА

Анашым, сен менің дариямсың, толқынымсың,

Сенімен бірге жарқ етер бар тылмысым

Ақ сүтіңнен нәр алып, өсірдің ғой

Ардақты да, мейірімді жан асылым.

Алғысым шексіз, жеткізе алмаспын сөзбенен

Жан жоқ шығар, құшағыңда жылынып, бас имеген,

Бір қолымен бесікті де тербеген,

Әлемді де тәтті ұйқыға

 

Абай атам

Абай атам – дара тұлғам

Абай атамды үлгі тұтам

Көкірегімді кемелдікке кенеткен

Абай атамды әрқашан да жыр қылам

Ұмтылдырды өркениет, білімге

Қараңғылықты әрқашанда жеңуге,

Надандық пен еріншекті ұмытып

Әділдікпен адал өмір сүруге.

Бар қазаққа танытқан көп дүниені

Аты әйгілі жазушы қыр дәурені

Бес асылға жетелеген өз халқын

Абай – ақын, тасыған асыл өнері.

Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған

Өр Абайға тең келмес ешбір адам

Қазақтың бар болмысын ашып берген

Абай сынды ғажап ақын табылмаған.

Абай атам өнегем де, өнерім де

Ынтықтырды ол мені өлеңіне

Ұрпақтарға калдырған өсиеті,

Әрқашанда қалады жүрегімде

 

Сағындым

 

Атамекен сағындым, сен есіме келгенде,

Әрқашан көз алдымдасың көрмесемде.

Жазық далада өскен, мен балаң едім,

Ойланып кеп ән – жыр жаздым бін өзіңе.

 

О, туған жер неткен ғажап сүйікті еді!

Көрінген жақын маңда өзен – көлі.

Отырған еске алып, әр нәрсені,

Самал желі жататын сүйіп мені.

 

Толғантып омырауда таң самалын,

Үнемі щыққан күнді қарсы аламын.

Мәңгілік бір өткелемен жүріп қоймай

Қиял мен бұл тірлікті аңсағаным?!

 

Мөлдір бұлақ, қасына келіп жеттім!

Жып — жылы жел айдаған көбелекпін.

Егемендік, еркіндікті корген шақта ай,

Ата – баба аңсаған күнге де, жеттік.

 

Сағынамыз бір өзіңдң, желім, елім – ай,

Шалықтап, күміс күлкіге тойындым – ау.

Алайда шаттыққа тойған, халқым менің,

Ризамын, халқым, елім, жерім, Отаным!

Туған жер

Танытты Қазақстан ел екенін,

Дәстүрі өшпес асыл жер екенін,

Тәуелсіз елімізге 20 жыл толып,

Көз жеткізді әрқашан гүлденерін.

Туған жерім тірлік кешем өзіңменен,

Кездерім көп шаттыгыңа бөленгенім.

Дәл сенен қуат алып, қанаттанам,

Самғаймын, көк құсыңдай талаптанам.

Туған жер, Атамекен, алтын бесік,

Адам боп жаратылдым өзіңде өсіп.

Туған жерім тамырыңды кең жайда,

Өсе берші әлі жүздеп, мыңдап көркейіп.

Туған жерім – байтақ Қазақстаным,

Туған елім – ашық, көк аспаным.

Дүрсіл қаққан, нәзік жүрегімен,

Арналды көкейдегі жыр – дастаны

 

Абай 

Ақынсың сен, ғажап жансың, данасың.

Қазақ елінің ғибрат тұтар ұлвсың

Қара сөзбен жүректерді тербитін,

Ел есінде мәңгілікке қалғансың.

Биік шыңсың, таза бұлақ асқарсың.

Ақындардан өзгешесің, дарасың,

Қара сөзбен надандарға жол салған

Биік, биік асулардан асқансың.

 

Бұқар жырауға арнау

Жырауы қазағымның Бұқар дана,

Халықтың арасынан шыққан дара.

Еш ұмытпай жан дауа ғибратыңда,

Көңілімнің түкпініне тоқып қана

Шен алу, атақ жайын ескермеген,

Әдебиеттен ешкімге дес бериеген.

Ащы шыңдықты айтудан ол тайынбаған,

Көптеген мұраттарды пайымдаған.

Сенің жақұт жырларыңды оқимын,

Ойға салып әрқашанда тоқимын.

Салыстыра алмаймын мен ешкіммен,

Жұмбағыңды шеше алмаспын дегенмен.

 

Қазақстаным

Қазақстан егеменді елім менің,

Қанша қайғы тарткан туған жерім.

Қазақстан жер жанатты төрім менің,

Арналды халқыма өсем жырым.

Байтақ далам-туған өлкем тұмарым,

Сағынышым көз тоймайтын құмарым.

Байтақ далам-елім менің асқарым,

Қазақстан-мақтанышым,мұратым.

Қазақстан алтын орда,бесігім,

Астанасы ашып тұр алтын егісің,

Гүлге оранып құлпырады өнірім,

Қазағымның ұзақ болсың өмірі.

Жырлаймын қазағымның ұлылығын,

Дәстүрін өшпес күннің алтын нұрын.

Қазақстан байрағы биік болсын,

Баршанызға әрдайым бақыт қонсын.