Ауыл шаруашылық күні
Үштөбе модельді кітапханасы ауыл шаруашылық күніне орай мерекемен құттықтауға ауылдағы К.Маркса атындағы құс фабрикасына концерттік бағдарламамен, «Мерей» ансамблінің қолдауымен бардық. Мерекелік іс-шараны Айтхожина А.А мен Жумекенова А.А жүргізді. Аудан маслихатының депутаты Артықбаева С.Ж. құс фабрикасының қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтады. Өз атынан мерекеге арнайы «Алматы түні», «Ауылым» әндерін орындап жиналғандарды шаттандырды. Сонымен қатар Абенов Б орындауындағы әндер отырғандардың көңілінен шығып,ортада би биледі. Кітапханашылар тарапынан аталмыш мерекеге қосымша ауыл энциклопедиясы қойылды.