«Ауданымыздың сыйлы азаматтарынан жастар үшін кітап сый» акциясы

Жастар жылына орай Бұқаржырау ауданының ОКЖ-нің кітапханаларды дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен 2019 жылдың 11 сәуір -11 мамыр аралығында жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Ауданымыздың сыйлы азаматтарынан жастар үшін кітап сый» акциясы өткізілді.

Аталмыш шараға барлығы 29 кітапхана үн қосты. Осы шараға барлығы  407 адам, оның ішінде жастардан — 232 адам қамтылды.

Жастарға кітап сыйлау акциясына тартылған сыйлы  азаматтар саны — 72, оның ішінде ауыл ақсақалы мен еңбек, тыл ардагерлері -20 , имамдар мен дінтанушылар — 2, ауыл әкімдері — 4, мәслихат депутаттары — 4, қызметкерлер — 8, мұғалімдер — 18,  ақын-қаламгерлер — 4, мәдениет және кітапхана қызметкерлері — 8 адам.

Кітапханашылар ұйымдастырған аталмыш шараға немқұрайлылық танытпай, жауапкершілікпен қарап, белсене қатысқан Ботақара, Мұстафин кенттерінің және Ақбел, Ботақара, Баймырза, Гагарин, Доскей, Керней, Көкпекті, Қаражар, Қарақұдық, Қызылжар, Новоузенка, Ростовка, Самарқанд, Тұзды, Үштөбе, Центральный ауылдарының тұрғындары мен кітапханаларының оқырмандарына ризашылығымызды білдіреміз. Атап айтқанда, ауылдың құрметті ақсақалдары Базилов Камелбай, Жүнісов Марат, Әбішева Сағадат, Әділханова Маймуна, Булыбина Светлана, Отрубленко Наталья, Нурбусинова Райхан, Жолдыбаев Мәжит, Сыздықов Мереке, Жолдинова Раиса, Стешенко Людмила, Байделдинова Сақан, Кузменкова Галина; ауыл имамдары Хумар Бақытжан, Тағай Бауыржан; мұғалімдер Шыныбектегі Қалиасқар, Жетпісбаев Еркін, Рымбай Тоғжан, Құмай Ақан, Темірғалиев Ерлан, Шайхин Аслан, Рычко Таисия, Жұмаділда Сандуғаш, Байболатова Анар, Морозова Нина, Мұхамеджанов Қаһарман, Кирилова Любовь, Ушакова Галина, Торғауытова Айнұр; ақын-қаламгерлер Жұмашева Майда, Қуанбай Аманжол, Жұмашев Оразбек, Ақышев Мақсұтхан; аудандық мәслихат депутаттары Жұмабеков Бақтыбек, Абрамова Марина; ауыл әкімдері Досмақов Айдын, Отынчиев Асқар; мекеме қызметкерлері Қабиев Мақсұт, Мальсагова Патимат, Филипова Елена, Курбанов Шахвели, Малышева Анастасия; мәдениет және өнер қызметкерлері Елжанов Жұмағали, Асқарова Майгүл, Амантайұлы Азамат, кітапханашылар Байкова Зинаида, Батекова Шайзат, Қабиева Гүлраушан атты жандардың сыйға тартуымен акция аясында кітапхана қоры 106 дана кітаппен толықты.

Олардың ішінде қазақ, орыс және шетел әдебиеті ақын-жазушыларының шығармалары бар. А.Құнанбаев «Қалың елім, қазағым», Қ.Аманжолов «Өзім туралы», «Дастандар», М.Дулатұлы шығармалар жинағы, І.Жансүгіров «Жолдастар», М.Лермонтов «Сочинение», О.Сүлейменов «Повторяя в полдень» сынды ақындардың өлеңдер кітаптарымен қатар, М.Әуезов «Абай жолы», С.Алдан «Қанжығалы қарт Бөгенбай», М.Ғабдуллин «Менің майдандас достарым», Л.Кривощеков «Часы разведчика», «Долгое время войны», В.Катлинская «Мужество», М.Ловелл «В двух шагах от рая», Ф.Незнанский «Гонцы смерти», В.Пронин «Банда-5», А.Стругадский «Хромая судьба», А.Толстой «Хождение по мукам», Ш.Уитекер «Контракт на любовь», Т.Уоррен «Наслаждения герцога», Е.Федоров «Каменный пояс» сынды жазушылардың кітаптарын сыйға тартқан.

Асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген, ұлағатты азаматты қалыптастыруға көмегі зор болар Ш.Әділбаеваның «Хадис –ғұрпымыз, сүннет-салтымыз», Қ.Бағашар «Сенім және ақиқат», Р.Жұмабайұлы «Мәуліт дұға, салауат айы», «Ислам экстремизм мен лаңкестікке қарсы», С.Сейтбеков «Иман негіздері» атты кітаптардың да /Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған/ бар екенін айта кетеміз. Сондай-ақ өлкетану бағытындағы М.Айнабеков «Шоңқиған шолжың», М.Ақышев «Кернейдің әулие бұлағы», А.Әлтаев «Ақ жол», Ш.Жандаев «Жауырыны жерге тимеген», О.Жұмашев «Доскей», «Қазағым менің көктүрік», М.Жұмашева «Ана жүрегі»», «Книга памяти погибшим горнякам Караганды», «Мәуелі бәйтерек», К.Мұстафин «Апам баласы», Д.Шаймұқанов, Т.Аршабеков «Қасиетті мекен –Қарқаралы», Қ.Шыныбектегі «Арқаның әншілік мектебі» сынды авторлардың кітаптары өлкелік қор қатарын толықтырғанын қуана айтамыз. Ең көп кітап сыйға тартылған кітапханалар: Қызылжар — 20, Қаражар-16, Көкпекті, Центральный -9, Гагарин-8, Доскей, Ростовка -7 дана кітап.

Акция барысында кітапханашылар жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыра отырып, аудан мен ауылдың сыйлы азаматтарымен, олардың өмірі мен еңбек жолымен таныстырды. Доскей, Көкпекті, Ростовка, Қызылжар ауылдық кітапханалары мен Мұстафин кенттік кітапханасы «Ауданымыздың сыйлы азаматтарынан жастар үшін кітап сый», Центральный мен Керней  кітапханалары «Книги для молодых от уважаемых людей»,  Ботақара мен Гагарин кітапханасы «Книга для молодежи от уважаемых людей села» тақырыбында өткізген шараларын  жақсы ұйымдастыра білсе, Қарақұдық ауылдық кітапханасының кітапханашысы Г.Дүйсембектің «Ауданымыздың сыйлы азаматтары» атты көрмесінің ұйымдастырылуы мен безендірілуі, Новоузенка ауылдық модельді кітапханасының кітапханашысы М.Масалованың  ауданымыздың Құрметті азаматы Мереке Сыздықов туралы «Жизнь, достойная примера» атты слайд-презентациясының ерекше болғанын баса айтамыз.

Акция аясында ұйымдастырылған шаралар өскелең ұрпақ – жастарымызға оң әсерін беріп, ғаламтор мен электрондық құралдар қызметіне ғана жүгіне бермей, кітапхана ордасындағы асыл қазына – кітаптарға да ден қойып оқитын оқырман жастарымыздың қатары молығатынына сенеміз.

Майгүл Асқарова,
кітапханаларды дамыту бөлімінің әдіскері