Асмағамбетов Садық

Асмағамбетов Садық Семізбұғы ауылының тумасы. Ұлы Отан соғысына қатысқан.  Соғыс кезінде шайқастардың бірінде тұтқынға түскен. Концлагерьде болып, небір азапты көрген. 1945 жылы басымдық алған кеңес әскері тұтқындағы адамдарды босатып алған. Бірақ тұтқыннан босатып алынғанмен, «тұтқында болған, сатқын болуы мүмкін» деген айып пен күдік, сенімсіздік олардан алынбады. Соның жазасы ретінде оларды үйлеріне қайтармай, ауыр жұмыстарға қалдырып отырған. С.Асмағамбетов та 1945-1947 жылдары Донбасқа шахтаға жұмысқа жіберілген. Қара жердің астындағы жұмыстың ең соңғы сағаттарында, ертеңінде бостандыққа шығатын түні, артынан келіп қалған вагонетка жаншып өткен, содан көз жұмған.