Арбабаев Төкен Арбабайұлы

25.08.1939 жылы дүниеге келген. Ұстаз, облыстық ардагерлер мүшесі, ҚР ардагерлерінің бесінші съездінің делегаты, ҚР ардагерлер Орталық кеңесінің мүшесі, еңбек ардагері. Солтүстік Қазақстан облысының тумасы. Қарағанды облысына ата-анасымен бірге көшіп келген. Орта мектепті бітіргеннен кейін Ботақара кентінің бастауыш мектебінде мұғалім болды. Әскери борышын өтеді (1960-1963). Оқу ісінің меңгерушісі, мектеп директоры (1971-1973) болып жұмыс істеді. ҚарПИ бітірді (1974). 1973-1986 ж. аралығында Ульянов аудандық партия комитетінің насихат және үгіт бөлімін меңгерді. Ботақара құс өсіру кеңшары кәсіподақ комитетінің төрағасы болды. Ботақара кенттік Кеңесі төрағасының орынбасары (1988-1989), аудандық атқару комитетінің хатшысы (1992). Құрметті демалысқа шығар алдында жұмыспен қамту орталығының директоры. Бұқар жырау аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына сіңірген еңбек үшін «Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы» медалімен, көптеген Құрмет грамоталармен, Алғыс хаттармен марапатталған.

   «Бұқар жырау ауданының Құрметті азаматы» атағы  Арбабаев Төкен Арбабайұлына  Бұқар жырау аудандық Мәслихаттың 2018 жылдың 30 қарашасында 29 сессиясының № 5 шешімімен берілді.