«Арайлы таңдай сұлу — Астана»
Маусым айының 13 жұлдызы күні Қарақұдық ауылдық кітапханасында Амангелді орта мектебіне қарасты жазғы сауықтыру лагерінің оқушыларының мен тәлімгер ұстаз Қ.Хасенованың қатысуымен Астананың 20 жылдық мерейтойына арналған «Арайлы таңдай сұлу — Астана» атты сөзжұмбақ ойыны өтті. Онда оқушылар үш топқа бөлініп «Астана», «Бәйтерек», «Тәуелсіздік» атты сөзжұмбақтарды бірігіп шешті. Сонымен қатар «Астана – еліміздің бас қаласы» атты көрме ақпарат оқушылар назарына ұсынылып, көрмеден Астананың көрікті жерлері және оның қай жылы құрылғандығы жайында ақпараттар насихатталды. Соңында барлық ойыншыларға тәттілер таратылды.