Алимов Габдулсагат Алимович

Габдулсагат Алимов 1950 жылы Павлодар облысы, Баянауыл  ауданы, Егіндібұлақ ауылдық округінде дүниеге келген. 1987 жылы Қарағанды политехникалық институтын инженер-экономист мамандығы бойынша бітірген. Өз балаларын еліміздің лайықты азаматы ретінде тәрбиеледі.

     Еңбек жолын 1977 жылы ет-сүйек зауытының инженері болып бастаған. 1969 жылдан 1971 жылға дейін Кеңес Армиясы қатарында қызмет етті. 1981 жылдан 1989 жылға дейін автожол кәсіпорнының прорабы болып жұмыс істейді. 1990 жылдан 1993 жылға дейін Красный октябрь совхозында бас есепші болып жұмыс істейді. 1993 жылдан 1995 жылға дейін Үштөбе совхозында бас есепші болып жұмыс істейді. 1995 жылдан 1997 жылға дейін аудандық қаржы бөлімінің жетекші маманы болып жұмыс істейді. 1997 жылдан 2008 жылға дейін аудандық білім бөлімінің бас есепшісі болып жұмыс істейді. 2008 жылдан 2013 жылға дейін білім бөлімі жанындағы Мемлекеттік сатып алу және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы қызметін атқарды. 2013 жылдан бастап зейнеткерлікке шықты.

     Мемлекет алдында сіңірген еңбегі, белсенді қоғамдық қызметі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына елеулі үлес қосқаны үшін, Бұқар жырау ауданы әкімінің Құрмет грамоталармен, алғыс хаттарымен және білім басқармасы, бөлім басшыларымен марапатталды. 2018 жылы Астана қаласының 20 жылдығына арналған медаль иегері атанды. Құрметті адам, терең лайықты, жауапты, сыпайы.

      «Бұқар жырау ауданының Құрметті азаматы» жоғарғы атағы Габдулсагат Алимовқа Бұқар жырау аудандық Мәслихаттың 2018 жылдың 30 қарашасындағы ХХІХ сессиясының шешімімен берілді.