
1949 жылы туған.
1962 – 1972 жылдар аралығында Қарқаралы зооветтехникумында
оқып, оқуды аяқтағаннан кейін, Ульянов ауданының Пушкино атындағы совхозында
ветеринарлық фельдшер, мал шаруашылығының бригадирі, бөлімше зоотехнигі болып
жұмыс істейді.
1966 — 1969 жылдар аралығында
Ульянов ауданының Пушкино атындағы совхозында малшы, механизаторшы болып жұмыс
істеді.
1976 жылы Пушкино атындағы
совхозының кәсіподақ комитетінің төрағасы болып сайланады.
1981 жылы Алма-Атаның жоғары
партиялық мектебіне оқуға жіберіледі. кейін Ульянов аудандық партия комитеті
аппаратында насихаттау және үгіттеу бөлімінің нұсқаушысы болып жұмыс істейді.
1985 жылдың қазанайында Бабаев атындағы совхозының
біріншілік партиялық ұйымының хатшысы болып сайланады.
1990 жылдың сәуір айнда
Ульянов аудандық комитеті партиясының хатшысы болып сайланып
1991 жылдың қарашасынан 1992 жылдың наурыз
аралығында ауыл шаруашылық басқармасында іс-қағаздарын жүргізу
бойынша бас маманы қызметін атқарады.
1992 жылдың наурыз айынан бастап
аудандық әкімшілік басшысының орынбасары, бірінші орынбасары
1996 жылдың мамыры мен 1997 жылдың наурызы
аралығында аудан әкімінің орынбасары қызметтерін атқарады.
1997 жылдың наурызында «Ақбел»
ашық түрдегі акционерлік қоғамының президенті болып сайланады.
1999 жылдың қараша айынан
бастап аудандық мәслихаттың
депутаты болып сайланады. Бұқар жырау аудандық мәслихаттың екінші, үшінші,
төртінші, бесінші шақырылымдарының хатшысы қызметін атқарып отыр.
Айтжан
Жарылғасынович – 1999 жылдан бастап «Нұр Отан» партиясының
мүшесі.
2014 жылы «Ерен еңбегі үшін»
медалімен, 2005
жылы «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», 2006 жылы
«Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл», 2011 жылы
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», 2014 жылы
«Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық
бірлестігінің «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» мерейлі медальдарымен,
Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы Министрлігінің «Ауыл шаруашылығы
саласының үздігі», 2014 жылы «Нұр Отан» партиясының «Белсенді қызметі үшін»
төс белгілерімен марапатталды.
Облыстың, ауданның қоғамдық және
саяси өмірінде белсенді қатысады, ауданның тұрғындары арасында құрметке ие.