«Адамзаттың ұстазы»
Құрметті достар!
Бұқаржырау ауданының ОКЖ-сінің кітапханаларды дамыту бөлімінің бастамасы және ұйымдастыруымен шығыстың ғұлама ойшылы, энциклопедист ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Сүйер ұлың болса, сен сүй…» аудандық кітапханалық жобасы бойынша 2020 жылдың қаңтар айында ауданымыздың барлық кітапханаларында «Адамзаттың ұстазы» атауымен тақырыптық көрмелер мен электрондық көрмелер ұйымдастырылып, насихат жұмыстары жасалынуда.
Әр айдың соңғы сәрсенбісі күні барлық кітапханаларда екі тұлғаға арналған, қызықты іс-шаралар өткізіледі. Сондай-ақ «Бір ел — бір кітап» акциясы аясында осы екі тұлға туралы жазылған М.Әуезовтың «Абай жолы» және Ә.Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» романдары оқылып, виртуалды викториналар ұйымдастырылады.
Осы шаралардың куәгері және белсенді оқырманы болуға асығыңыздар!