Бұқар жырау ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің 2018 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі

Бұқар жырау ауданының ОКЖ-сін 39 кітапхана құрайды: 2 аудандық және 37 ауылдық кітапханалар. Профильдік жүйе бойынша кітапханалар модельді және кітапхана-клубы болып бөлінеді. Ауданда 39 кітапхананың 24-і модельді кітапхана, оның ішінде 2 модельді кітапхана-клубтары Доскей және Үштөбе ауылдарында орналасқан.

Кітапханалардың 19- ы мәдениет үйі және клубтарда, 5-і ауыл әкімдігінде, 4-і мектепте, 1-і тұрғын үйде, 1-і казахтелеком, 2-і ЖШС және 5- жеке адамдардың, өндірістік кооператив, шаруа қожалығы ғимараттарында , 2 кітапхана (Ғ.Мұстафин к мен Доскей а.) жеке тұрған ғимаратта орналасқан.

Бұқар жырау ауданының 2016-2020 жылдарға арналған аймақты дамыту бағдарламасының мақсатты индикаторы –  2018 жылы оқырмандар санын  23860-ге жеткізу жоспарланған. Жылдық есептің қорытындысы бойынша оқырмандар саны- 23892, индикаторға қол жеткізілді, 2017 жылмен салыстырғанда 32 оқырманға өскен.     

Осы мақсатқа жетудің басты міндеттері -ақпараттық-кітапханалық қорды толықтыру және сақтау, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша өз өлкесінің, ауылының тарихына деген қызығушылығын қалыптастыруға ықпал ету, жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып кітапханалық қызметті ұйымдастыру, коворкинг орталығының жұмысын жандандыру, кітапхана қызметкерінің кәсіби біліктілігі мен шеберлігін көтеру, қызметкерлерді әлеуметтік қолдау көрсету болып табылады.

Есепті жылы жергілікті бюджеттен мерзімді басылымдарға жазылуға – 4280 м.т.(61 атауға), кітаптар сатып алуға – 1998,3 м.т., кітап дайындап шығаруға – 2073,6 м.т., іс-шараларға -212,3 м.т. қаражат бөлінді.

Аудан бойынша 2018 жылы кітап қоры 336 698 құрайды, оның ішінде қазақ тіліндегі 157 135. Кітап қорын электронды нұсқаға көшіру жұмыстары да  қарқынды жүргізілуде.

Айына бір рет кітапханашылар стационардан тыс қызмет көрсетеді.

2018 жылдың 29 тамыз күні Ғ.Мұстафин кентінің моделді кітапханасы жанынан заманауи үлгіде жасақталған «Коворкинг орталығы » ашылды. Аталған орталық жастардың бизнес, шығармашылық, оқу бағдарламалары аясындағы креативті жобаларын (қызығушылығы бойынша клубтар, көрмелер, үйірмелер, шеберлік-сыныптар, тренингтер, ағылшын тіліндегі клубтар) жарыққа шығарып, жүзеге асыруға зор мүмкіндік береді.

Кітапханалық қызметті одан әрі дамыту мақсатында аудандық ОКЖ-сі және «Нұр Отан» партиясы, кәсіпкерлер палатасы және  аудандық ардагерлер ұйымының бірлесуімен меморандум бекітілді.

Мәдени –көпшілік іс шаралар

Есепті кезеңде ересек тұрғындармен 2 273 мәдени-көпшілік іс-шара ұйымдастырылып өткізілді.  Іс- шаралардың барлығы Астана қаласының 20 жылдығына және Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдық мерейтойына бағытталды. Қатысушылар саны -29602 құрады.

Жасөспірімдер арасында 945 іс-шара өткізіліп, қатысушылар саны -15450 құрады. 
Бұқар жыраудың 350 жылдығына орай аудандық орталық кітапхана кітапханашылары Бұқар жырау мемориалды кешеніндегі музейіне бірнеше күн барлық безендіру жұмыстарын жасады. АОК кітапханаларды дамыту бөлімінің қызметкерлерінің авторлығымен «Бұқардан бүгінге дейін» және «Бабадан қалған дана сөз» кітаптар шығарылды.

Ақпараттық кітапхананы қолдау маңызды іс-шаралар:

    Кітапхананың негізгі мақсатының  бірі- адамдардың сауаттылығын, қоғамдық хабардарын жоғарлату, арттыру.

Президенттің стратегиясы мен жолдауы, мемлекеттік бағдарламалар мен бағдарламалық мақалалар; мемлекеттік саясаттың басқа да маңызды бағыттарын халыққа түсіндіру, насихаттау  мақсатында дөңгелек үстелдер, көрмелер, ақпарат сағаттары және пікірталастар, брейн- ринг өткізілді. Әрбір шара соңында қатысушыларға «Задачи программы «Цифравой Казахстан», «Ключевые проекты», «Как получить ЭЦП ключ НУЦ РК», «Электронное правительство РК» атты екі тілдежаднамалар таратылды.

«Кәсіпкер және бизнес», Молодёжь – кадровый ресурс будущего: поддержка молодёжного предпринимательства», «Для вас – животноводы!», «Инновации в современном мире сельского хозяйства» атты ақпараттық тізімдер, «Шағын және орта бизнесті дамыту»

«Семейная консультация», «Откорм крупного рогатого скота» , «Медицина нашего времени» тақырыптық жинақтар, «7-20-25» бағдарламасы , «Биржа услуг», «Социальная защита для пенсионеров», «Электронная документация», «Тілге құрмет – туған елге міндет» ақпараттық сағаттар ұйымдастырылды.

23 қазан күні Ботақара жастары арасында «Тұрғын үй мәселесі» атты дөңгелек үстел өткізіліп, шара барысында Қолжетімді тұрғын үй», «7-20-25 Бағдарлама» талқыланып түсіндірілді. .

«Рухани жанғыру» бағдарламасы бойынша 84 іс-шара өткізіліп, 1326 адам қатысты.

     Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жариялағаннан кейін  АОМК «Ұлы даланың жеті қыры» атты пресс-үстел ұйымдастырылды. Кітапханамыздың абонемент залында жыл бойы ХІІ ғасырдан бүгінгі күнге дейін ұлы даланың ұлы тұлғалары бойынша «Ұлы даланың тарихы» атты кітап-көрме ұйымдастырылды. Жыл бойы көрмеден 12 дана кітап оқылды.

 « Латын әліппе » бағдарламасы бойынша  52 іс-шара өткізіліп, 750 адам қатысты.

 Бұқар жырауҚалқаманұлының 350-жылдығына орай 85 іс-шара өткізіліп, 1420 адам қатысты.

Орталық кітапхананың барлық кітапханалары Бұқар жырау Қалқаманұлының 350жылдығын мерекелеуге белсене қатысты. Бұл «Қазақ кітабы әулиі – Бұқар баба» аудандықбайқауына қатысып, «Жырың тыңда Бұқардың» әлеуметтік желілерінде «Бұқар жырау» эстафетасы, слайд презентациясы бар викториналық викториналар өткізілді. Әрбір кітапханада Ұлы Жыраудың және ол туралы кітаптарын ұсынатын Бұқар жыраудың бұрышы бар. Инфографика жарияланды.

         Керней атындағы кітапханада «Бұқар жырау -мұрасы ұрпаққа байлық»  атты  өтті. 7-9 сынып оқушылары Ұлы жыраудың туындыларын оқуға қатысты. Үздік оқырмандар RDK-да өткен іс-шараға шақырылды

      «Көмекей әулие – Бұқар жырау» атты мәнерлеп оқу, Қарақұдық ауылдық кітапханасында «Сыр елінің мәдени мұралары» атты танымдық сағаты өтті.

     Орталық кітапхана аудандық архивпен бірлесіп жерлесіміз Қ.Айтхожинмен кездесу кешін  ұйымдастырып өткізді,  «Айтхожин Қабдулсамих Көшекұлы –Бұқар жырау бабаның ұрпағы» атты ақпараттық стенд жасалды. 

Ғ.Мұстафин кентінде «Туған жер» бағдарламасына орай ауданның құрылғанына 90 жыл толуына орай «Ел есінде қалған тарих»  атты тарихи сағат өтті. (Тельман ауданы-90 жыл).  Бұл іс-шараның мақсаты бұрынғы ауданның тарихын еске түсіру, оның сұлулығы мен қайталанбастығын көрусету болды. Кітапханашылар ауданның тарихына тоқталып,  алғашында Тельман ауданы деп аталғаны туралы әңгімелеп өтіп,  1997 жылы жаңадан құрылған Бұқар Жырау ауданы құрамына кіргені жайында айтып өтті.

Новоузенка ауылында «Я вырос здесь и край мне этот дорог» атты ауылдастардың кездесу кеші ұйымдастырылды.

Туған  жерге деген сүйіспеншілікті ояту, тарихи-мәдени, рухани мұраны бойға сіңіру, ауданымыздың қасиетті жерлерін таныстыру мақсатында «Бабаларға тағзым» рухани керуен экскурсиясы «Арнаймын саған, туған ел!» аудандық патриоттық акциясы аясында ұйымдастырылды. Іс –шара  40-қа жуық кітапханашы Ботақара кентінен жолға шығып, Алшынбай қорығы, Ақжар ауылынан 8 шақырым Үшсала жеріндегі Жыржыс қожа Арпынұлының зираты, көмекей әулие  Бұқар жырау Қалқаманұлының кесенесіне барды. Әрқайсысы туралы қызықты деректермен әдіскер, экскурсия жүргізуші М.Асқарова таныстырған соң, мәдениет қызметкері Қ.Маемеров дұға бағыштады.Қаздауысты Қазыбек бабамыздың немересі Тіленші би Бекболатұлы, шөбересі Алшынбай би Тіленшіұлы, Қажы Жыржыс қожа Арпынұлы, Бұқар жырау Қалқаманұлы, 4 ай мүрдесі сақталған Қазыбек би Келдібекұлына қатысты деректер жинақталған кітапшаны әдіскер М.Асқарова құрастырып, кітапханашыларға таратты.    

 «Бір ел –бір кітап» акциясы: 2018 жылдың 26-қазанында Новоузенка  ауылдық  модельді  кітапханасы базасында биылғы жылдың таңдауы болған үш автор – Ш.Құдайбердиев, Б.Момышұлы, Н.Келімбетовтың шығармашылығына арналған «Өшпес  рухты үш тұлға» атты қорытынды кеші өтті. Кеш бағдарламасынан кейін кітапханаларды дамыту бөлімі жыл басынан ұйымдастырған «Арнаймын саған, туған ел» аудандық патриоттық акциясы, «Жырын тыңда Бұқардың» әлеуметтік желідегі эстафета-байқау, «Бұқар жырау Қалқаманұлы» үздік электрондық тұсаукесер байқауы, әлеуметтік желідегі «Селфи: менің сүйікті кітабым » байқаулары бойынша қорытындысын жариялап, жеңімпаздарды ақшалай, заттай сыйлықтар мен грамота, дипломдармен марапаттады.  

Қараша айында ұйымдар мен мекемелер арасында ұйымдастырылған есептік байқауға аудандық орталық кітапхана ұжымы «Бабаның сөзі – дананың көзі» атты бағдарламамен қатысып, «Бабалар үні – руханиятымыз» композициясы арқылы Бұқар жыраудың өлеңдері мен толғауларын оқып, мерейтой аясында кітапханалар атқарған іс-шаралармен таныстырды. « Қызыққа тоймас адамзат » дыбысты бейнеролигі арқылы Бұқар жырау кесенесі жанындағы мұрайжайға  виртуалды саяхат жасалды. «Жақсының аты өлмейді, әлімнің хаты өлмейді» флеш-мобы арқылы есімімен аталған нысандар туралы ақпарат берді.

ОКЖ өлкетану жұмысына жалпы шолу

      Бүгінгі таңда  өлкетану зерттеулері  орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кітапхана  жұмысының басым бағыттарының бірі болып табылады. Өлкетану  жұмысында ең бастысы – құжаттарды сақтау, анықтау, жинау, зерттеу және оқырмандарға беру.

     ОКЖ-ның барлық филиалдарында өлкетану жұмысы белсенді жүргізіледі. Әр кітапханада өлкетану бұрышы ұйымдастырылған «Өткенсіз ел, тарихсыз жер болмайды», «Туған жер – тұнған тарих», «Өлкетану тарихы – байтаным» және т.б. өлкетану сөресінде біздің жерлестеріміздің  басылымдары, есте қаларлық күндерге және ауданымыздың ұлы тұлғалары арналған жинақталған тақырыптық папкалар,    біздің өлкеміз туралы кітаптар  қойылған: «Даланың дархан данасы (Бұқар жырау)», «Слава и память ветеранам Бухаржырауского района», «Притяжение прошлого (Ю.Попов)», «Эйферт В – живописей, искусствовед», «Алланы азан қылған Айтбайым, айтыс пен намаз сенің бас қайығың (А.Жұмағұлов)», «Рамазан Нарешев», «Знаменитый немецкий художник – Г.Фогелер», «Ұстаз және жазушысы – Қ.Боранбаев», «Сөнбес жұлдыз (Доскей Әлімбаев)», «Дарынды өнер тарланы (Көшен Елеуов)» және т.б.

Кітапхана және БАҚ

Аудандық ОКЖ бойынша өткізілген іс-шаралар және мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы туралы мақалалар аудандық «Бұқар жырау жаршысы» газетіне және мекеменің веб -сайтына жарияланып тұрады. Аудандық газетке 58 мақала жарияланды.

Бұқар жырау ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің веб-сайты www.bukarbibl.kz адресі бойынша орналасқан. 2018 жылдың мамыр айында Бұқар жырау ауданының ОКЖ сайты толық жаңартылды. Домен атауы бұрынғы қалпында қалды, сайт KVM-1 тарифтік жоспарымен жаңа хостингке ауыстырылды.

Сайт жаңа, заманауи WordPress платформасына көшірілді, онлайн басылымдарды жасау процесін мүмкіндігінше жеңілдету үшін көптеген мүмкіндіктерді қамтиды. Енді сайтта бейне және аудио файлдарды қосу мүмкіндігі , жаңалықтар лентасы, файл менеджері (файлды жүктеу), онлайн-консультант, сайтты іздеу бар.

«Жаңалықтар», «Латын әліпбиіне көшу – болашаққа бастар бағыт» бөлімдері күн сайын жаңартылып, «Бұқар жырау Жаршысы» аудандық газетінің соңғы шығарылымдары апта сайын жүктелінеді.

2018 жылы сайт пайдаланушылары 3574 болды, оның ішінде 324-і тіргелген пайдаланушылар. Өткен жылмен салыстырғанда 112 пайдаланушыға  артық

      Сайтты насихаттау мақсатында орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кітапханашылары халықпен «Электрондық үкімет сайты сіздің қызметіңізде» атты түсіндірме әңгімелесулер өткізді; «Что такое egov.kz”, «Услуги egov.kz для вас» атты  жаднамалар шығарылды.

Әлеуметтік желідегі жұмыстар нәтижелері

2018 жылда Бұқар жырау ОКЖ кітапханалары Одноклассники, ВКонтакте, Mail.ru, Facebook, Инстаграм әлеуметтік желілерінде жұмыс істеді. Әлеуметтік желілер көмегімен кітапханашылар кітапхананың жарнамасын жасайды, көпшілік іс-шараларды, кітап қорын насихаттайды, өткізілген іс шаралар фотоларын жүктейді. Бүгінгі күнде кітапханаларда 4000-нан артық жазылушы мен достары бар. Бұқар жырау ауданының кітапханаларының көбісі Mail.ru әлеуметтік желісінде тіркелінген.39 кітапхана ішінен 35-і  Mail.ru  желісін қолданады. 

Биыл кітапханаларды дамыту бөлімі әлеуметтік желілерде екі байқау өткізді:

«Жырын тыңда Бұқардың» атты әлеуметтік желідегі байқау эстафета: Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығына 2018 жылдың 1 ақпан – 1 шілде аралығында Бұқар жырау Қалқаманұлының бір өлеңін жатқа мәнерлеп оқыған немесе орындаған жыр-термесін «Ғacebook», «Instagram» әлеуметтік желіде   #JyryntyndaBukardyn хэштегімен орналастыру бойынша  өткізілді.Барлығы Faceebook желісінде 16 қатысушы, Instagram желісінде 9 қатысушы жұмыстары орналастырылған.

 «Селфи: сүйікті кітабыммен түскен менің портретім» фотоакциясы Facebook, Instagram желілерінде 10-ақпан – 10 сәуір аралығында ұйымдастырылып, шарты бойынша әр пайдаланушы өзінің сүйікті кітабымен түскен портретін орналастыру қажет болатын.  Оған барлығы Instagram әлеуметтік желісінде 50 пайдаланушы қатысқан: Қарақұдық -25, АБК-10, АОК-3, Қызылжар-6, ПМБ-5, Жаңаталап-1.  Работягов Иван «К.Чуковский. Стихи и сказки» атты кітаппен 123 дауыс,  аудандық балалар кітапханасының оқырманы Авдеев Сергей «Динозавры» атты кітаппен 113 дауыс, аудандық кітапхана қызметкері Асқарова Индира «Ж.Омари. Бұқар жырау» атты кітаппен 80 дауыс жинаған.

                Кітаптарды цифрландыру

    Есепті  жылда 2 кітап цифрландырылып және ОКЖ-ның   bukarbibl.kz  сайтына оқу режимінде жарияланды. Бұқардан бүгінге дейін: Антологиялық жинақ. Құраст.М.Асқарова, Г.Түспекова. Бабадан қалған дана сөз: Шешендік сөздер жинағы / құраст. М.Н.Асқарова, С.М.Мұхаметқали, Б.Т.Рахимова, Г.К.Жұмкенова.-Көкшетау:

Әдістемелік кұралдар және  кітапханалардың үлкен басылымдары,бюллетеньдер, тізімдер кітапхана сайтына жүктеледі: «КЗЖ  2019ж»,

   Тематикалық тізім «Мир природы таинственнен и прекрасен»;

   Ұсынылған тізімдер: «Көп ішінде бір жалғыз – Бұқар жырау», «10 казахстанских писателей и поэтов, которых следует почитать»;

Құралдар: «Великий сын бессмертного Алаша: к 350-летию Бухар жырау», «Букар жырау Калкаманулы: поэт, фолософ, гуманист», «Бабаларға тағзым»;

Әдістемелік ұсыныстар: «Создание пособий в 3D формате», «Книга ищет читателя (по созданию и оформлению книжных выставок)», «Креативные формы работы в современной библиотеке», «Таныс бол және пайдалан».

     Директор ОКЖ                                                                А. Жексенбаева



Яндекс.Метрика                                                                                      100400 Карагандинская область, Бухар-Жырауский район,
поселок Ботакара улица Бухар-Жырау ,70
Телефон 872154-22290 e-mail: bukarbiblio@mail.ru



Designed by © 2019