«Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы
Аудандық орталық модельді кітапхананың оқу залында Қарағанды облысы ПД Бұқар жырау ауданының полиция басқармасымен бірлесіп, «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясына байланысты дөңгелек үстел өтті.
АОМК зорлық-зомбылық туралы мәлімет, пресс-үстел ұйымдастырылып, ақпарат берілді. Баяндамамен АОМК ұжымы мен Бұқар жырау ауданының әйелдерге зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі жергілікті полиция қызметінің майоры – Умутбаева Гульдана Төлегеновна сөйледі.
Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенция ережесіне сәйкес жыл сайын 25 қарашада «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясын өткізе отырып, Халықаралық әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық көрсетуді жою күні атап өтіледі, оның мақсаты – халықтың көп қауымын әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескертуге және жолын кесуге, ана мен баланы қорғауға, қоғамдағы отбасының рөлін нығайтуға бағытталған қабылданып жатқан шаралар туралы таныстырылды.