«Ұлы ғұлама Әлкей Марғұлан»
Аудандық орталық модельді кітапхана №1 қазақ орта тірек мектебінің қолдауымен – Қазақстан археология мектебінің негізін салушы, ғылымның көптеген салалары: этнография, тарих, шығыстану, әдебитетану, өнертану бойынша көрнекті қайраткер, филология ғылымдарының докторы (1945), Бүкілодақтық География қоғамының толық мүшесі, Қазақ ССР ҒА академигі (1958), профессор (1960), Қазақ ССР ғылымының еңбек сіңірген қызметкері – Әлкей Марғұлан Хақанұлының 115-жылдығына орай ұйымдастырылған «Ұлы ғұлама Әлкей Марғұлан» атты әдеби кеші өтті. Іс-шараға мектептің ұстаздары мен 10 сынып оқушылары қатысты.
Әлкей Марғұлан Хақанұлының өмір баяның, өмір жолын, ұзақ жылғы қоғамдық өмірдегі және ғылымдағы үлкен еңбегі туралы айтып қана қоймай,
«Әлкей Марғұлан өмірбаяны», «Өмір жолы» және «Әлкей Марғұлан мұражайы» атты бейнебаян көрсетілді.
Тақырыпқа байланысты «Ұлы ғұлама Әлкей Марғұлан» атты кітап-көрме ұйымдастырылып, шолу жасалды. Көрмеге кітапхана қорындағы Ә.Х.Марғұлан көп томдық шығармалары, «Казахское народное прикладное искусство», «Древняя культура Центрального Казахстана» және де т.б. кітаптарымен газет-журналдарда жарық көрген мақалалар, фотоколлаждармен толықтырылды.
Іс-шара барысында «Бұқар жырау ауданының ОКЖ» ММ-сі кітапханаларды дамыту бөлімінің бастамасымен Жастар жылына орай «Кітап және жастар» аудандық кітапханалық фестиваль-акциясы аясында
№ 1 қазақ орта тірек мектебінің ұлағатты ұстаздары – Қалиасқар Мықтыбайұлы Шыныбектегі және Еркін Рахымбайұлы Жетпісбаев қатысуымен «Ауданымыздың сыйлы азаматтарынан жастар үшін кітап сый» акциясы өткізілді. Арнайы шараға келіп, кітапханаға кітап сыйлап және жастарға оқуға кеңес беріп, сыйға тартқан кітаптары туралы қысқаша айтып өтті. Қалиасқар Мықтыбайұлы Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығына орай жарық көрген «Арқаның әншілік мектебі» атты кітабын табыстасы, Еркін Рахымбайұлы «Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін)» бес томдық кең ауқымды дереккөз қорына негізделген кітабын табыстады.
Жауаты: Жумкенова Г.К, Аскарова И.Ш. Қатысқандар саны: 32 адам.