Ұлы Даланың Ұлы тұлғасы ұлтымыздың мақтанышы – Әбу Насыр Әл-Фараби»
Шығыстың ғұлама ойшылы, математик, астролог, музыка теоретигі, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай «Ұлы Даланың Ұлы тұлғасы ұлтымыздың мақтанышы – Әбу Насыр Әл-Фараби» атты ауызша жұрнал өткізілді.
Мақсаты: Аристотельден кейінгі екінші ұстаз Әл – Фараби өмірі, еңбек жолы туралы түсінік беріп, ғұламаның жан – жақты ерекше тұлға болғандығын айтып, шығармашылығынан үзінді келтіре отырып, оның кітаптарына қызығушылық тудыру және туған жерге, елге деген махаббатының ыстық болғанымен таныстыру.
Шара үш беттен тұрды. 1-бет. «Ұшқан ұя Фараб – туған елім», мұнда Әл-Фарабидің туған жерімен өскен ортасы, білім алған жерлері айтылды.
2-бет Екінші Ұстаздың шығармашылығы, мұнда ғұламаның шығармашылығына тоқталып, Аристотельден кейінгі «Екінші Ұстаз» атанғаны, ол 150-ге жуық философиялық және ғылыми трактаттар жазып қалдырғаны жайында айтып, «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайлы трактат», «Музыка туралы үлкен трактаттарына» тоқталып үзінділер оқыдық. 3-бет «Фараби — поэзия падишасы» атты бөлімде оның өзі жайында жазған біраз поэзиясына тоқталдық.
Сонан соң «Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби» атты виртуалды викторинаға кезек бердік. Мұнда: Музыка жайлы кітап жазуға Ұлы ғұламаны не итермеледі?, Әл-Фарабидің өзіне жасап алған қос ішекті аспабы қалай аталады? Әбу Нәсірдің қандай қасиеттерін көріп, Отырар әміршісі, сыйлықтар тиеген керуенге қосып, қыпшақ жүзінің басшысы етіп Бағдатқа ұлы халифқа қызметке жіберген?, Әбу Нәсір Махмұд шебер алдында кімді ұстазым деп атады?, Махмұд Әбу Нәсірге қандай сый тарту етті? еген сияқты сұрақтар болды. Сұрақтарға жауаптар болды, қанағаттандырарлықтай, бірақ осы сұрақтардың жауабын қуана қабыл алып, осы кітапты оқып шығу керектігі туралы ойларын білдірді. Шараға қатысты кітап көрмесі жасалды. Онымен түгел танысып көріп шықты. Шараға 29 адам қатысты.