«Қылқалам шебері»
Қаңтар айының 14 жұлдызыңда Аудандық балалар кітапханасында «Қылқалам шебері» Әбілхан Қастеевтің 115 жыл толуына орай Бұқар жырау аудандық руханият қосымша білім беру орталығының-Бейнелеу өнері бөлімінің ұстазы меншәкірттеріне қазақ халқының суретшісі Ә.Қастеев туралы мағлұмат беріліп іс шара өткізілді. Бұқар жырау аудандық руханият қосымша білім беру орталығының-Бейнелеу өнері бөлімінің ұстаздары: Идрисов Айдар Асанұлы шәкірттерімен Әбілхан Қастеевтің 1957 ж.салынған «Жайлау» атты суретін акварельді краскамен А3 форматты қағазғабейнеледі. Қастеев Әбілхан (1904-1973) – қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. Туып-өскен жері Алматы облысына қарасты Жаркент төңірегі. Топырақ бұйырған жері — Алматы қаласы. Әбілхан Қастеевтың творчествосы жан-жақты. Шығармаларында портреттер-де, тарихи және жанрлық суреттер де, табиғат көріністер де көп кездеседі. Іс-шара 17 оқушылар қатысып,әр қайсысы өткізілуіне өз үлестерің қосты.