ЭЛЕКТРОННАЯ ЧИТАЛКА

Аудан ардақтылары: Өмірбаяндық анықтамалық.- Астана: Фолиант, 2008.- 192 бет.

Бұқар жырау ауданының 70 жылдық мерейтойына арналған «Аудан ардақтылары» атты өмірбаяндық-анықтамалық бұл кітапта ауданның саяси-әлеуметтік, экономикалық және руханият әлемінің тарихы жан-жақты қамталады. Еңбектегі танымдық-тағылымдық мақалардағы деректер мен мағлұматтар оқырман олжасын еселей түспек. Кітап түған өлке тарихын, кіндік қаны тамған қасиетті жерінің өткені мен бүгінгісі қадір тұтар ойлы да зерек оқырмандарға арналған.

«Бұқар жырау ауданы: аула тарихынан аудан тарихына»-«Бухар-жырауский район: от истории двора к истории района»- Қарағанды: ТОО «Саран», 2010-324 б.- қазақша, орысша

«Бұқар жырау ауданы: аула тарихынан аудан тарихына» кітабы өткен ғасырдағы ең маңызды да ерекше оқиға – 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы кеңес халықтары Жеңісінің 65 жылдығына арналған. Бұл тек тарих ғана емес – бұл біздің өлкенің ең қарапайым адамдарының батырлығы, өшпес қаһармандық ерлігі мен даңқы туралы деректер. Кітап-естелік, кітап-тағзым, кітап-мәңгілік… Кітап өз өлкесінің тарихына деген қызығушылықты бар оқырмандарға арналған.

Шыныбектегі Қ. Ботақара – ием, Бұқар жырау кием: Өлеңдер, әндер, күйлер, мақалалар мен новеллалар.- Қарағанды: Баспа-197 б.

Қаламгер, ақын, композитор, журналист, ұстаз Қ.Шыныбектегінің әр жылдары жазылған өлең-әндері, күйлер, мақала, новеллалары орын алған жинақтың оқырман қауымға берері мол. Шығармалары ел, жер, тіл, жастық, махаббат тақырыптарын қаузайды. Жинақ сондай-ақ жас ұрпақты туған жерді сүюге, нағыз патриот болуға үндейді.

Крохмаль В. Идут белые снеги. – Караганды: Издательство КарГУ, 2012.-281 с.
Крохмаль В. Ветер родных тополей. – Караганды: Издательство КарГУ, 2009.-211 с.
Крохмаль В. 100 лет селу Белагаш.- Караганды: Издательство КарГУ, 2005.- 168 с.

Человек жив, пока его помнят… На заре минувшего века украинскими переселанцами основывается новое поселение в одном из урочищ бескрайней Сары-Арки. О живших здесь когда-то и живущих ныне людях, о выпавших на их долю испытаниях, о многих и многих переменах, произошедших за это столетие, рассказывается в книге.

  Бұқардан бүгінге дейін: Антологиялық жинақ. Құраст. М.Асқарова, Г.Түспекова.-Қарағанды, 2018.-343 бет.

«Бұқардан бүгінге дейін» антологиялық жинақ Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығына орай шығарылып отыр. Аталмыш жинаққа Бұқар бабадан бастап бүгінгі күнге дейінгі аралықта осы аудан аймағында туып-өскен, еңбек етіп, қалам тербеген ақын-жазушылар мен қаламгерлеріміздің өмірбаяны, шығармалары топтастырылған. Кітап барлық оқырманға арналған.

Бабадан қалған дана сөз: Шешендік сөздер жинағы/ Құраст. М.Н.Асқарова, С.М.Мұхаметқали, Б.Т.Рахимова, Г.Қ.Жұмкенова.- Көкшетау; «Старков С.А.» ЖК, 2018.-48 б.

Әрі ақын, әрі шешен, өз заманнынң идеологы болған Бұқар жырау Қалқаманұлының ауыздан-ауызға көшіп, бүгінгі күнге сөздері аталмыш кітапшаға жинастырылған. Кітапша көпшілік оқырманға арналған.



Яндекс.Метрика                                                                                      100400 Карагандинская область, Бухар-Жырауский район,
поселок Ботакара улица Бухар-Жырау ,70
Телефон 872154-22290 e-mail: bukarbiblio@mail.ru



Designed by ©