«ХХІ ғасыр көшбасшысы»
Қарақұдық ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Амангелді орта мектебінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 28 жылдығына арналған «ХХІ-ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалды ойын өткізілді. Интеллектуалды ойынға Амангелді орта мектебінің 10-11 сынып оқушыларынан 6 ойыншы қатысты. Ойын үш бөлімнен яғни, «Бәйге», «Жорға» және «Дода» сынды бөлімдерден тұрды. Интеллектуалды ойынның сұрақтарын проектордың көмегімен слайд арқылы көрсетіп тұрды. Ойынымыз басталмас бұрын ұстаздар ұжымы арасынан әділқазылар алқасы сайланды. Олар Амангелді орта мектебінің тәрбие ісінің меңгерушісі Р.Балхашева, ағылшын пәнінің мұғалімі Ж.Жумагулова және тарих пәнінің мұғалімі М.Аскарова сайланды. Сонымен барлық ойыншыларымызға сәттілік тілеп, ойынымыз басталып та кетті. Ойын барысында барлық ойыншыларымыз өздерінің жылдамдықтары мен біліктіліктерін көрсете білді. Десек те 11 – сынып оқушысы Дүйсенова Айжан қызымыз топтан суырылып шығып, әділқазылар алқасының әділ шешімімен 420 ұпай иеленіп, жеңіске жетті. Айжан жеңіске жеткені үшін дипломмен және қалған бес оқушы белсене қатысқандары үшін мадақтама қағаздармен марапатталды.