Тәуелсіз елдің жадыраған жастары»
2019 жылдың 13 желтоқсан күні Аудандық орталық модельді кітапхана ҚР Тәуелсіздігінің 28 жыл толуына және 2019 жыл Жастар жылының қорытындылау барысында ұйымдастырылған «Тәуелсіз елдің жадыраған жастары» атты мерекелік кеші өтті. Кешіміздің құрметті қонақтары – ауданымыздың мәслихат хатшысы Әли Асхат Сағадиұлы, ОКЖ басшысы – Айгуль Мукарамқызы Жексенбаева, Ботақара кентінің мақтанышты жастары – Салықова Ажар Амангелдіқызы, Темірбекова Нағима Базарбекқызы, Дүйсебаев Айбек Тлеубекұлы, Тулегенов Әділхан Абайұлы, Смағұлова Еркем Ерланқызы, Нұркенов Рустем Мейрамұлы, Сковородко Кирилл Павлович, Смолин Григорий Григорьевич, Ботагоз Тұрсынқызы, Джелкишев Ерсін Серікұлы, Сымбат Ибрагимқызы Түсіпбекова және ата-аналары мен ағалары қатысты. Белгілі бір себептермен, шақырылған көптеген бетке ұстар азаматтарымыз кешімізге қатыса алмады.
Молдагулов Ерқанат Бекзатұлының, ағайынды Қабылғаниев Айбек және Қазбек Нұрғалиұлдарының, Құрман Манарбек Құрманұлының және Ашірепов Санжар Сұлтанғалиұлының ақ жаулықты аналары, Сарбасов Аяз Нуркенұлының ағасы келіп, тамаша шарамыздың куәсі болды.
Мерекелік іс-шара еркін форматта, қонақтармен ой-пікірлер бөлісу түрінде жүргізілді. Келушілер назарыңа «Тәуелсіз елдің жадыраған жастары» және «Тәуелсіз елім – Қазақстан» атты кітап-көрмелер, «Тәуелсіздік тұғырым», «Тәуелсіз елдің жадыраған жастары» – видеобейнелер және «Бұқар жырау ауданының өлкетану шеңбері» атты виртуалды викторина ойыны ұсынылды. Ойынға белсене қатысқан қонақтарға кітапхана атынан естелік сыйлықтар табысталды.
Руханият өнер мектебінің оқушылары – Сұлтанбекова Алтынай «Жаса, Қазақстан!» әнімен, Аңсаған Амангелдіұлының «Еркесұлқым» күйімен тәмсандырды.
Іс-шара сонында ОКЖ басшысы – Айгуль Мукарамқызы Жексенбаева келген қонақтарды мерекемен құттықтап, алғысын білдірді. Әр шақырылған құрметті қонағымызға алғыс хат және «Бұқар жырау ауданының тарихы» кітабы мен «Сәкен Сейфуллин» энциклопедиясы табысталды.