«Толағай тұлға тарлан ед…»
Аудандық балалар кітапханасында «Толағай тұлға тарлан ед…» атты Әбділдә Тәжібаевтың 110 жылдығына» арналған кеш өтті. Атаулы кеште «Бір ел, бір кітап» акциясы туралы және Әбіш Кекілбаевтің «Аңыздың ақыры», Әбділдә Тәжібаевтің өлеңдері туралы баяндалды. Әбділдә Тәжібаев және оның шығармашылығы туралы толық бейне баян көрсетілді. №1 Қазақ орта мектебінің 8 «Ә» сынып оқушылары Шыныбек Ақжан, Жиренов Әли Әбділдә Тәжібаевтің өлеңдерін оқып берді. Ары қарай іс-шарада шығармашылығы туралы сұрақтар қойылды. Іс-шара оқушыларға ұнап әр қайсысы өткізілуіне өз үлестерің қосты.