«Бірлігі жарасқан-қазақ елі!»
1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні. Айтулы мереке Елбасымыздың 1996 жылы қабылдаған Жарлығы бойынша тойланып келеді. 100-ге жуық түрлі ұлт өкілдері мен ұлыстары тату-тәтті тұратын еліміз үшін даталы күннің маңызы зор. 1995 жылы Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Сондықтан да ынтымағы мен бірлігі жарасқан, татулықтың тірегі болған Қазақстанда барлық ұлт өкілдері бірінші мамырды ерекше атап өтеді. Осыған орай 30 сәуір күні Бұқар жырау ауданының Доскей ауылының модельді кітапханасында «Бірлігі жарасқан-қазақ елі!» атты танымдық әдеби кеш ұйымдастырылды. Алғы сөзінде кітапханашы 1 Мамырдың мерекелену тарихына, оның мазмұны мен сипатына көз жүгіртсек, бұл күн тәуелсіз Қазақстанда 1996 жылдан жылдан бастап Елбасы Жарлығымен Қазақстан халқы бірлігі күні ретінде аталып өтіліп келеді. Дегенмен, одан ілгерідегі кезеңде Кеңес Одағындағы еңбекшілердің таптық мерекесі болған 1 Мамыр тәуелсіз Қазақстанның тарихына енгенде мүлдем жаңаша мән-маңызға ие болғаны анық екенін түсіндіре кетті. Кітапханашы С.Божанова библиошар ойын ойнатқызды. Кешке қатысқан оқушылар, өзге ұлт өкілдерінің балалары өз ұлтының ерекшелігі мен салт-дәстүрлерімен таныстырды, өлеңдерін оқып, би билеп, өз өнерлерін ортаға салды. Кеште сөз алған кітапханашы А.Ибраева: Бірінші мамыр мейрамы ортақ тарих, дәстүрмен біріккен біздің көп ұлтты Республикамыз үшін ерекше қымбат. Біздің жерімізде әрқашан бейбітшілік пен ырыс – береке болсын деп, оқушыларға алғысын білдірді. Мақсаты: Халықтар арасындағы достықты нығайту,осы мақсатта әр оқушының бойында ынтымақтық, достық қарым-қатынас сезімдерін ояту. Өз отанын сүюге, қорғауға тәрбилеу. Қазақстанның өркендеуіне достық арқылы өз үлестерін қосуға баулу. Қатықандар саны – 28 бала.