Ауыл шаруашылық күні
Үштөбе модельді кітапханасы ауыл шаруашылық күніне орай мерекемен құттықтауға ауылдағы К.Маркса атындағы құс фабрикасына концерттік бағдарламамен, «Мерей» ансамблінің қолдауымен бардық. Мерекелік іс-шараны Айтхожина А.А мен Жумекенова А:А. жүргізді. Аудан маслихатының депутаты Артықбаева С.Ж. құс фабрикасының қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтады. Өз атынан мерекеге арнайы «Алматы түні», «Ауылым» әндерін орындап жиналғандарды шаттандырды. Сонымен қатар Абенов Б орындауындағы әндер отырғандардың көңілінен шығып,ортада би биледі. Кітапханашылар тарапынан аталмыш мерекеге қосымша ауыл энциклопедиясы қойылды.